©
Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.Алдабергенов, кеңсе меңгерушісі Ж.Е.Қолғанат, Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет капитаны Е.Нұрбергенов, Ақтау гарнизоны әскери полиция бөлімінің аға офицері- уәкілі әділет майоры К.Сайлаубайұлы Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ 2018 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің қатысуымен «Гендерлік теңдік», «Сот кабинеті» және «Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізді.
Сот төрағасы Ұлттық гендерлік саясат біздің еліміздің деморкратиялық дамуының маңызды негізі болып табылатынын атап көрсетті. Елбасының жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы ер азаматтар мен әйел адамдардың билік құрылымындағы қызметтерін басқаруға, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, қызмет бабында көтерілуге және отбасында құқықтар мен міндеттерді бірдей жүзеге асыруға бағытталғанын түсіндірді.
Дөңгелек үстелде мемлекеттік тілді дамыту, еліміздің сот жүйесі саласында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы талқыланды.
Кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат «Сот кабиенті» сервисінің басты мақсаты сот жүйесінің айқындылығын және қолжетімділігін барша халыққа танытудағы ең жоғарғы жетістіктің жаңа енгізілімі екенін атап өтті.
Әділет майоры К.Сайлаубекұлы Қазақстан Рес публикасының Қылмыстық Кодексінің 440- 443 баптарының талаптарын түсіндірді.
Мұңал ЕРНАЗАРОВ,
Ақтау гарнизоны әскери полиция бөлімі
анықтау және іздестіру бөлімшесінің офицер-өкілі