Еліміздің жоғары заң шығарушы органы мұндай шешімді ең алдымен Қазақтан Республикасында 1991 жылғы 1-желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауымен байланыстырғаны белгілі. Сайлаудың ерекшелігі 1991 жылғы 1-желтоқсанда өткен бүкіл халықтық сайлау КСРО шеңберінде өткен алғашқы халықтық үдерістің бірін білдірген болатын. 1991 жылдың 1-желтоқсанындағы сайлау арқылы Қазақстан халқы өз басшысын өзі таңдады.
Кеңестік кезеңнің барлық сайлауынан өзгеше өткен осы сайлау арқылы қазақ елі енді Қазақстан басшысының тек орталықтың пәрменімен тағайындалмайтынын, халықтың өзі билікке, өзінің көшбасшысын сайлау арқылы тікелей араласып, таңдау жасау құқығын жүзеге асыратынын сезінді. Нәтижесінде 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет өткен жалпы халықтық сайлауда егемен Қазақстанның негізін қалаушы – Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Бұл сайлау халық үшін аса жауапты кезеңде өтті. Өйткені, бұл Кеңестер Одағының ыдырап, егемендіктің ауылы жақындап келе жатқан тұсы еді. Ал ондай өтпелі кезеңде елдің тізгіні жауапты тұлғаның қолында болуы тиіс. Тізгінді қолға алған күннен бастап Елбасы қазақстандықтарға алдағы өмірдің жеңіл болмайтынын, бірақ жақсы күндерге бірлік пен татулық, іскерлік пен қабілеттілік арқылы жетуге болатынын уәде етті.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап, мемлекеттік дамудың даңғылға түсуі жолындағы жұмыстардың басымы Н.Назарбаевтың есімімен байланысты, ерлігімен ұштасқан дүниелер екені даусыз.
Тағы оқыңыздар: Жаңаөзендегі жол апатынан қаза болғандардың аты-жөні белгілі болдыҚазақстан әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Терезесі түгел елмен теңдесті. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ еліміз қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тілімізбен дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз ететін маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. «Алдымен – экономика, содан соң – саясат» қағидатының арқасында көпшілік қазақстандықтардың тұрмыс жағдайы жақсарды.
Сондықтан да, Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мерекесі де уақыт өткен сайын маңызы артатын халықтық шараға айналды. Өйткені, бұл да жаңғырудың, жаңашылдықтың белгісі ғана емес, өткеннің өнегесі, ұлының ұлағаты деп есімізде сақталуы қажет.
Н. ЕРДЖАНОВ
Мұнайлы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі