©
Жаңаөзен қаласында бұзылып тұрған су бұрқақтарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көктемнің шуақты күнінде іске қосылды. Бүгінгі таңда «Мұнайшы» мәдениет сарайы және «Тәуелсіздік» алаңында жұмыс жасап тұрған су бұрқақтары қаланы әсемдеп тұр. Олардың үшеуі қала тұрғындарын қуантса, біреуіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бірнеше жыл бойы тоқтап тұрып, жақыннан бастап қалаға көрік бере бастаған су атқылайтын орындар таңертеңнен адам аяғы басылғанға дейін жұмыс істейді. Айналасы сырланып, таудың ұсақ тастарымен безендірілген төрт су бұрқақтың жұмысына «Өзен Инвест» МКК жауапты. Қала тұрғындары ластап, қоқыстамау үшін, бақылайтын арнайы жұмысшылар да бекітілген.
Әсел ҚАЗМАҒАМБЕТОВА