©
ҚР Мемлекеттік Рəміздерінің 25-жылдығына орай, мүмкіндігі шектеулі балалар арасында облыстық патриоттық əндер байқауы өтті. Шара ұйымдастырушылары - МО "Жастар саясаты мəселелері" басқармасының, "Жас Ұлан" қоғамдық бірлестігі.
Байқауға мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты, №2 жəне №3 мектеп-интернат оқушылары қатысты.
Олар жанды дауыста жəне жест (ыммен түсіндіріп əн айту) өнері бойынша сынға түсті. Нәтижесінде МШБАМИ оқушысы ыммен ән айту бойынша өнер көрсеткен Аманов Айбек Аманұлы жеңімпаз атанды. №3 МШБ оқушылары Ашуров Айдос пен Əбіл Нұршат екінші орынды иеленсе, №2 МШБ арналған мектеп оқушылары Давлетов Сұлтан мен Рахманов Қайырбек үшінші орынды қанжығалады.
Тағы оқыңыздар: Қайраңға шөккен «Араксты» тазарту жұмыстары басталдыСайыс жеңімпазы Аманов Айбек өңіріміздің намысын Республикалық Дельфийлік ойында қорғайтын болады. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен, ақшалай сертификаттармен, сыйлықтармен марапатталды.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="38797,38796,38795,38794,38793,38792,38791"]