№1 МГӨБ-тің өндіріске қызмет көрсету базасында үлкен өндірістік кешен ашылды. Ашылу салтанатына мекеме басшылығы, жұмысшылар мен БАҚ өкілдері қатысты. Кешен негізінен 70 адамға арналған, ал қзір базада 30 адам қызмет жасайды. Келешекте, бұл кешен басқармадағы басқа да жөндеуші, дәнекерлеушілермен толықтырады деп күтілуде. «Осы кешенді салған «АқтауОйлМаш» ЖШС мердігер мекемесіне және де «Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығына алғыс айтқымыз келеді. Заман талабына сай, өте ыңғайлы орынды мұнайшылар өз игілігіне пайданалансын», - деп құттықтаған №1 МГӨБ директоры Бекболат Нұрлыбаев ғимараттың лентасын қиып, салтанатты түрде ашық деп жариялады. Үш жылдан бері мұндай кешендер өндірістік аймақта бой көтеріп келеді. Бұл ғимараттың оңтайлылығы ашық аспан астында жұмыс жасайтын мұнайшыларға қызмет көрсететінінде. Мұнда ерлер және әйелдер киім ауыстыратын бөлмесі, жуынатын бөлмелер, санитарлық торап, тамақтанатын бөлме, күзетшілер орны мен тағы да бірнеше кабинеттер бар. - Жиырма жылдан бері осы салада қызмет етіп келемін. Бұндай ғимаратты салған басшылық тарапына алғысымыз шексіз. Эстетикалық талғаммен салынған мұндай ғимарат ауа-райы қолайсыз кезде де біздерге пана болатынына сенімдімін, - дейді жөндеуші Сәрсенбай Шәкеров.
Тағы оқыңыздар: Рухани жаңғыру — ұлттың жаңғыруыӨндіріске қызмет көрсету кешені ғимаратын салу барысында пайдаланған барлық материалдардың сапасы жіті қадағаланып, экологиялық және радиациялық тұрақтылығы тексерістен өткен. Жылу изоляциялық панельдерден тұрғызылған қабырға кез келген ауа-райының қолайсыздығында ғимарат ішінде бірқалыпты температураны сақтап тұрады. Осылайша, жұмысшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі алға қойылған. Сонымен қатар, ғимаратты пайдалану барысында түрлі энергия, ресурс пен мекеме қаражаты үнемделеді. «АктауОйлМаш» ЖШС бас энергетигі Олег Филатов жұмысшыларды осындай айтулы мерекесімен құттықтап, салынған ғимаратты тиімді пайдаланып, таза ұстауға шақырды.
Әсел НҰРЛАНҚЫЗЫ