Мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында «ӨМГ» АҚ-на қарасты транспорттық басқармаларға арнайы техникалардың кілті табысталды.
Мерекелік шара Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен жинақтау басқармасында өтті. Жиында «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Бекзат Абайылданов құттықтау сөз сөйлеп, көлік жүргізушелеріне арнайы техниканың кілтін табыстады.
- Биылғы жоспар бойынша «ӨМГ» АҚ-ға қарасты 8 транспорттық басқармаларға, атап айтқанда СКҚБ №1, 2, 3, 5, ТТБ, Химия және экология басқармасына, АТБ, БЖБ мекемелеріне 124 техника тапсыру жоспарланған. Бүгінгі шарада сол 124 көліктің 71-і тапсырылып отыр. Қалған техникалар жылдың соңына дейін тапсырылады, - дейді компанияның транспорт департаменті директоры Болат Бекжанов.
Тағы оқыңыздар: «Рухани жаңғыру: мәдениет пен өнердің рөлі»
Айта кететініміз, арнайы техникалар отандық тауарлар. Ауыр жүк көліктері Көкшетау қаласында орналасқан «Камазинженеринг» АҚ және Петропавл қаласындағы ауыр машина жасау зауытынан алынған.
Гүлсім ОСПАН