©
2017 жылы Маңғыстау облысы Тәуелсіздік алғалы бері бірінші рет 24-жазғы ерлер және әйелдер арасындағы өрт-құтқару спортынан Қазақстан Республикасы Чемпионатын өткізу үшін таңдалды.
Әрине бұған өңіріміздің динамикалық дамуы және әкімдік тарапынан бөлінген Маңғыстау өрт сөндірушілерінің және құтқарушыларының материалдық-техникалық базасының нығайтудағы үлкен жетістігінің арқасында.
Бүгінгі таңда өрт-құтқару спорты әлемнің 30 жетекші елдерінің дүниежүзілік деңгейіне шығып отыр. Соның ішінде Қазақстан Республикасы жыл сайын жаңа рекорттар қойып, ең үздік бестікке кіріп отыр.
Жүйелі өткізілетін өрт-құтқару спорты чемпионаты сала мамандарының кәсіптік жетістігін білуге және нығайтуға оң әсерін тигізеді.
Сайыс ағымдағы жылдың 21-27 тамызында Ақтау қаласында өтеді.
Айта кетейік, ең соңғы рет Маңғыстау облысында өрт –құтқару спорт чемпионаты 90-жылы 1 шағын аудандағы «Труд» стадионында өткізілген.
Аккредитация сұрақтары бойынша Маңғыстау
облысының Төтенше жағдайлар департаментінің
баспасөз- қызметіне хабарласуыңызға болады.
ж.тел 8 (7292) 70-17-08, 8701 678 72 77