Компания өкілдері Түркияның Стамбул қаласының әуежайында ұшақтың не себепті келеңсіздікке ұшырағанын айтты.
-Ұшақтар жергеқонған кезде бірі екіншісінің сыртын жанап өткен. Кей БАҚ беттері оқиғаны аздап бұрмалап, халыққа үрейлі етіп жеткізіпті. Сондықтан біз бұл жағдайды егжей-тегжейлі жазып, қайтадан баспасөз-баяндамасын әзірледік. Ол жерде қорқатындай ештеңе болған жоқ. Тек бірнеше рейс кешіктірілді. Біз оны жолаушыларға ескертіп айттық. Ал қазір бәрі реттелді, рейстер өз уақытымен жөнелтіліп жатыр, - деді әуекомпанияның баспасөз хатшысы Виктория Старожилова.
-26 шілде күні ұшақ бұрылу кезінде (жерде) оң қанаты Boeing-777 әуе кемесінің артқы бөлігіне соқтығысып қалған еді. Нәтижесінде ұшақтың екеуіне де аздаған зақым келген. Қазір олар жөнделді, ретке келтірілді, - компания өкілдері.
Айта кетейік, оқиға болған күні Стамбул-Ақтау бағытындағы рейс жергілікті уақыт бойынша 04:50-де ұшуы керек болған.