©
Бүгінгі таңда Маңғыстауда ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының саны 1323 құрайды. Оның 117-і егін шаруашылығымен, 1206-ы мал шаруашылығымен айналысады. Одан бөлек Маңғыстау облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын 36 шаруа қожалығы тіркелген.
- 1902 жылы Маңғыстауда 70 мың тұрғын болған екен. 70 мың адамның 1 млн.658 мың бас малы болған. Климаттық жағдайға қарамастан сол кездерде ата-бабаларымыз мал басын аман сақтап қалды. Сондықтан да мал шаруашылығын дамыту үшін бізде бүгінгі күні барлық жағдай бар деп ойлаймын. Облыс тұрғындарын өзіміздің өнімімізбен қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталар болсам, етпен қамтамасыз ету 54,3%, сүтпен қамтамасыз ету 19%, жұмыртқамен қамтамасыз ету 9 %-ды құрап отыр,-деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов бүгінгі ауылшаруашылық министрі Асқар Мырзахметовпен өткен кездесуде.