©
Маңғыстау облысының ІІД Құрық ауылындағы атысқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды tumba.kz Өңірлік ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Алтынбек Қалиевтің айтуынша, күдіктілердің жеке тұлғалары анықталып, қылмыстың жай-жапсары белгілі болған.
"Құрықта жас жігіттер ерегісіп қалған. Жас шамалары небәрі 19-20-да. Сөйтіп олар "үлкен ағаларын" (жасы 22-23-те) шақырған. 10-15 жігіттен құралған топ ауылдың сыртына шығып төбелескен. Төбелес барысында екі рет оқ атылған. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", - дейді Алтынбек Қалиев.
Тергеудің өзге ақпараты құпия сақталғандықтан ІІД қанша адамның күдікті ретінде ұсталғанын хабардар еткен жоқ..
Ал Маңғыстау облыстық ауруханасы директорының орынбасары Мұхамеджан Нұрғазиевтің айтуынша, бір жігіттің жиырма жеріне оқ тиген.
"Түнгі бірлер шамасында қансыраған үш жігітті алып келді. Оларға шұғыл ота жасадық. Бір жігіттің жиырма жерінен оқ тиген. Бытыра ішек қарнын бірнеше жерінен тесіп тастаған. Қалған екеуі де іштен жараланған", - дейді Мұхамеджан Нұрғазиев.