Бүгін Астана күніне орай Каспий су тұшыту зауыты қайта жаңғыртудан кейін іске қосу бойынша салтанатты жиын өтті.
Шараға арнайы облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты. Бұған дейін Каспий су тұшыту зауыты күніне 10 мың текше метр су тұшыта алатын болса, жаңғыртудан кейін күніне 30 мың текше метр су тұшыта алады.
Аймақ әкімі Қайта жаңғырту одан әрі жалғасатынын, келесі жылы тағы да су тұшыту көлемін 20 мыңға ұлғайту жоспарланғанын атап өтті. Айта кетейік, қайта жаңғырту Елбасы тапсырмасымен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.
Кәмшат ӘБДІРАЙЫМ Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="57969,57968,57966"]