©
Мен мұнай саласында 30 жылға жуық еңбек етіп келемін. Осы еңбегімнің жемісіне «Өзенмұнайгаз» АҚ «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалау мүмкіндігін сыйлады. Астанада ашылған әлемдік көрмені көру үшін мұнайшылардың алғашқы легі маусымның 27-і күні Астанаға ұшып келді.
Бізді «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ әлеуметтік саясат департаментінің өкілі Артур Дәулетов күтіп алды. Үш мезгіл тамағымыз бен саяхатымыздың барлығын «Өзенмұнайгаз» АҚ ұйымдастырып қойған. Бір топ мұнайшы қызметкерлері елорданың көрікті жерлерін аралап, халықаралық көрмені тамашалады. Ауыр өндірісте еңбек етіп, елдің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген мұнайшылар көрмеден үлкен әсер алды. Дамыған елдердің энергияның балама көздерін іздеудегі бағыт-бағдарлары, жетістіктері, жаңа техника мен технология жетістіктері мұнайшыларға өте әсерлі болды. Халықаралық көрмені тамашалау мүмкіндігін сыйлаған ұйымдастырушыларға, басшыларға көп рахмет. Бәрі ұнады. Керемет. Астана күнімен барлық жерлестерімді құттықтаймын. Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Астана - қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Қаланың әлем халықтарына мақтана көрсетер жетістіктері аз емес. Астана - болашағы жарқын қала. Сондықтан да Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін! Астанадан Жаңаөзенге аттанған әрбір мұнайшы жүрегінде елге, дамуға ұмтылған Отанына, еңбек етіп жатқан өз компаниясына деген зор сүйіспеншілік қалды. Алда оларды қызу қайнаған еңбек, өндіріс күтіп тұр.
Күнсұлу СӘРСЕНОВА «Өзенмұнайгаз» АҚ №2 МГӨБ №3 мұнай газ өндіру цехының диспетчері