©
Маңғыстау ауданындағы Көгез этноауылында байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет еткен еңбек ардагерлеріне мерекелік демалыс ұйымдастырды. Оған Маңғыстау газетінде, «Қазақстан Ақтау» телеарнасында, Маңғыстау-Медиаға қарасты газеттерде қызмет еткен ардагер журналистер қатысты. Аудан, облыс көлемінде баспасөз саласына үлес қосқандарды құттықтаған Маңғыстау ауданының әкімінің орынбасары Ерболат Махмутов жүрекжарды тілегін айтты. Мерекеге жырдан шашу әкелген аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері де өнер көрсетті. Мәдениет қайраткері Әбіл Жұмағалиев ағай бастаған өнерпаздардың әсем әні мен тәтті күйіне бөленген журналистер өздері қызмет еткен жылдардағы естеліктерден әңгіме өрбітті. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="28993,28995,28996,28997,28994"]