Қазақстанда қандай бизнеспен айналысқан жөн?
[ 2017 ] 31 мамыр, 05:36 | Жаңалықтар
Соңғы кезде болып жатқан қаржылық дағдарыстар азаматтардың болашаққа деген басқаша қарау қажеттігін туғызды. Жұмыстан айрылу оңай, алдағы уақытта тек өзіңе ғана сену керек.
Жетістікке жетудің жолы оңай, ең бастысы жұмысыңыздың дұрыс бағытын тапсаңыз болды. Көпшілік өзінің жеке бизнестерін бастағысы келеді, алайда бастауларының қаншалықты жақсы жүзеге асатындығына күмәнмен қарайды. Жақын арада қандай қызметтер мен тауарлар көп сұранысқа ие болады? Қандай бағытта бастаған жөн?
Қазір қоғамда бизнестің келесі түрлері актуалды:
- Ең алдымен, қызмет көрсетулерге арналған орта көлемді кәсіпорындар: сауда дүкендері, мини-дүкендер, жол бойындағы кафелер, фаст фуд орталықтары, дәріхана дүңгіршектері. Бұлар сұранысқа көп ие, себебі ешқандай мезгіл, ауа-райына қарамастан адамдар тамақ ішеді, дәрілер мен киім,аяқ киімдерді сатып алады.
- Кез-келген қалада ломбард ашуға болады. Мұндай қызметтер күнделікті сұранысқа ие және қазіргі таңда аса маңызды. Табыс көзін көбейтіп немесе жалға алған орыныңыздың шығынын азайтамын десеңіз, қосымша ксерокөшірме жасау қызметтерін ұсынып, кішігірім кеңсе тауарларын сатсаңыз да болады.
- Соңғы уақытта жалға беру қызметтерін ұсынатын бизнес түрлерінің тұтынушылары көп. Кез-келген қымбат киімдер мен бижутерия, аксессуарларды, карнавалдық және мерекелік костюмдерді, қымбат автокөліктерді(түрлі мерекелік шараларға арналған, мысалы, тойға арналған) жалға берсеңіз болады. Қазір сұранысқа ие заттардың барлығын жалға беруге болады. Оларды сатып алуға көпшіліктің жағдайы жете бермейді, сондықтан жалға алған тиімдірек.
- Автокөлік жөндеу орындары, шино жөндеу орталықтары, шиналарды сақтау қызметтері(жазда қысқы, қыста жазғы шиналарды сақтау), автокөлік жуу орталықтары – барлық автокөлікке қатысты ұсынылатын қызметтер соңғы кезде халық көп тұтынатын қызмет түрлері. Жыл сайын көліктердің саны артуда, сондықтан жұмыссыз қаламын деп қорықпаңыз.
- Тұрмыстық қызметтер –табысты жеке бизнесіңізді бастаудың келесі түрі. Бұған тұрмыстық техникаларды жөндеу, тазалау жұмыстары, тапсырыспен тамақтар пісіру(мерекелік торттар, мерейтойларға дайындық), жеке меншіктегі балабақшалар, балалар мен қарт адамдарға арналған күтушілер, киім мен аяқ киімдерді жөндеу жұмыстарынан өткізу сияқты қызмет түрлерін ұсынсаңыз болады.
Жеке бизнесіңізді бастағыңыз келіп, алайда бастапқыда салатын қаражатыңыз болмай немесе жеткіліксіз болса, халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуді ұмытпаңыз. Олар сіздің жеке бизнесіңізді ашу үшін кеңестерін беріп,тренингтер ұйымдастырады. Бизнес бастаушыларға арнаулы көлемдегі төлемақы алсаңыз да болады.
Жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерінің барлығы қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие әрі мол табыс көзі десек те болады. Қандай бизнестен бастауыңыз өз еркіңізде. Ең алдымен сіз тұратын қала немесе аудан тұрғындарына қандай қызмет түрі аса қажет екенін біліп алыңыз. Ең бастысы – сіз бастаған істің өзіңізге ұнауы, қызықсыз нәрсемен айналысамын деп өзіңізді шаршатпаңыз. Жетістікке тек өзіңізге ұнаған іспен айналысу арқылы жете аласыз.
1861
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.