©
«...Еңбек ресурстарының жұмылғыштығын жоғарылату бойынша, бірінші кезекте, еңбек күші артық өңірлердің еңбек күші жетіспейтін өңірлерге миграцияларды ынталандыруға бағытталған шараларды алдын ала қарастыру қажет».
Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» жолдауынан.
Елімізде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның «Серпін, мәңгілік ел жастары индустрияға» әлеуметтік жобасы жұмыс жасай бастады. Осы бағытта мектебімізде - мектеп түлектерімен және ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мектебіміз бойынша «Серпін» әлеуметтік жобасы негізінде 2015-2016 оқу жылы бітірген 6 түлек - Т.Бердібеков Батыс Қазақстан Агротехникалық университетте, Г.Ақназарова М.Оспанов атындағағы Батыс Қазақстан медициналық университетте, А.Реимбаев - М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетте, А.Сисенов, А.Ұзақбаева, Ж.Қозбағарова - М.Өтемісов атындағы БҚМ университетте білім алуда. «Серпін» әлеуметтік жобасын мектебіміздің биылғы түлектері мен олардың ата-аналарына кеңінен түсіндіру мақсатында әртүрлі оқу орындарынан өкілдер шақыртып, кездесулер ұйымдастырып жатырмыз. Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінен, Семей медициналық университетінен, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен өкілдері шақырылып, кездесу кестесі құрылып, екі жақтың өкілдерімен келісілді. Мектебімізде «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша оқуға барам деп отырған түлектердің ішінде көпшілігі: 23 оқушы мұғалім мамандығын, 11 оқушы медицина, 1 оқушы ауыл шаруашылығы, 2 оқушы жеңіл өнеркәсіп мамандығын, 2 оқушы ақпараттық жүйе маман-дығын, 1 оқушы заң саласын, 3 оқушы филолог мамандығын таңдауда. Жалпы мектеп бітіруші 115 түлектің, 41 оқушысы «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түсуге ниет білдіруде. Жақында өткен жылғы түлегіміз, «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан Алтынбек Рейімбаевпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде өзінің білім алып жатқан білім ордасы туралы және аталмыш бағдарламаның артықшылықтары туралы мәлімет беріп, түлектерді «Серпін» бойынша оқуға шақырды.Өсербай ТАБЫНШАЕВ № 18 орта мектептің директоры