• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сенбi, 20 Шілде 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Кеңес Орақов «МАЭК» ЖШС бас директоры болып тағайындалды...

Күйеуі пышақтаған әйел жүктіліктің оныншы аптасында болған...

167 млн теңгеден астам сомаға алдаған: Күдікті Армениядан Ақтауға экстрадиц...

Маңғыстауда тұрғындар “Қазтрансгазаймаққа” 200 млн теңге қарыз...

«ҚазМұнайГаз» әрбір тұрғынға өтемақы беріп жатқаны рас па?...

  • USD: 478.58 ₸
  • EUR: 520.84 ₸
  • RUB: 5.44 ₸

Ат – қазақтың қанаты

[ 2017 ] 12 мамыр, 13:34  |  Жаңалықтар

8 мамыр. Күннің екінші жартысы. Құланды ипподромы. Ипподром іші Жеңіс мерекесіне орай әдемілеп безендірілген. «9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!», «Ат – ердің қанаты, Ер – елдің панасы» деген сияқты жалынды да қанатты сөздер жазылған көрнекті, көркем суреттер салынған түрлі-түсті баннерлер ипподром көркін айшықтай түскен. Бұл жерге жұрт көптеп жиналған. Олардың бәрі аттың құлағында ойнайтын шабандоздардың өнерлерін тамашалауға келгендер. Себебі, шабандоздардың ішінде Жаңаөзен қаласынан тыс Ақтау қаласы мен Бейнеу, Түпқараған, Қарағия, Мұнайлы, Маңғыстау аудандарынан келген ұлттық ат спортының небір майталман шеберлері бар. Қазақта «Ат – ердің қанаты» деген даналық сөз бар. Сол ерлердің біздің қазақтың ішінен өте көп шыққаны ақиқат.

Өйткені, осыншама ұланғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған ертедегі батыр ата-бабаларымыздың негізгі күш көлігі, яғни ең басты әскери техникасы – осы тұлпарлар болған. Жесең ет, ішсең шипалы қымыз, мінсең көлік болғандықтан жылқыны қазақ ұлттық мақтанышымыз деп қастерлеген. Киелі қанатымыз деп аялаған. Дұрысында да, солай. Дегенмен Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары осы жылқыға деген қазақы көзқарас әлсірей бастағаны белгілі. Өйткені, желден жүйрік шетелдік автокөліктер көбейіп, жылқыға қажеттілік азайып, басынан бағы тая бастады. Әйтсе де, ел арасындағы ұлттық ар-намысы биік, жылқыға жаны құмар ағаларымыз бен заманы қатар азаматтарымыз ата-баба салтын аяқасты етпеу үшін намысқа тырысып бақты. Мемлекеттік нақты қолдау болмағандықтан жекенің қолындағы жылқылардың жағдайы жақсармады. Сонда дағы небір жүйрік сәйгүліктерді бейбіт мақсаттарға пайдаланып, ұлттық спорт ойындарының беделін арттырып, мерейін өсіріп, мәртебесін көтеру жолында киелі мекенде соңғы он жылдың көлемінде көптеген игілікті істер атқарылып, өз нәтижесін бере бастады. Көптеген шабандоз жігіттер өсіп жетіліп, ұлттық ат спорты ойындарының түрін көбейтуде. Мысалы, бұрын бәйгемен ғана шектеліп келген маңғыстаулық шабандоздар ат құлағында ойнап, көкпар тарту, қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу, ат үстінде отырып жамбы ату, садақ тарту сияқты ұлттық ойындарды меңгере бастады. Бірқатар ойын түрлерінен республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрсе, енді бірқатарынан әлі тәжірибе жинап үлгере алмай жатыр. Жалпы ат ойындарына қызығушылардың қатары қазіргі жастар арасынан қаулап өсіп, жетілісіп келе жатқанына қуанасың.

Бұл Құланды ипподромындағы осынау мерекелік шараны Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» ААҚ-тың демеушілігімен осы ипподроидағы «Арман тұлпарлары» ат спорты федерациясының президенті Орынбасар Құлбековтің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Мерекелік шараның алғашқы күні кешкісін жиналған жұрт Ошақ бәйге, Құнан бәйге, Тай бәйгелері мен Аударыспақ ойындарының бастапқы турларын тамашалады, Көрермендер, әсіресе Аударыспақ ұлттық ойынына қатысып жатқан тепсе темір үзетін жас жігіттермен қатар жасөспірімдердің, яғни мектеп оқушылары арасынан шыққан ат ойындарына қызығатын жас өркендердің өнеріне ризашылықтарын білдіріп, сүйсіне қол соқты. Себебі, қазақ «Талапты ерге нұр жауар» деп осындайдан айтса керек. Сол күні кешкісін мерекелік дастархан жайылып, ардагерлер мен сырттан келген қонақтарға қонақасы берілді. Аста алғашқы болып сөз алған, өмірінше жылқышы болған, Құланды ауылының ақсақаладары Қайырбай Жорасов, белгілі атбегі Азбан Ыдырысов, жетібайлық атбегі Мектепбай Еламанов ақсақалдар дастархан басына жиналғандарды ұлы мерекемен құттықтап, жастарға ақ баталарын берді. Мұнан кейін Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев, «ҚМГ» БӨ» ААҚ-тың өндіріс жөніндегі атқарушы директоры Қуанышбай Нұрғалиевтар құттықтады. Өз кезегімен ортаға шыққан Ақтаудан келген «Жастар жетістіктері» қоғамдық қорының директоры, Маңғыстау облыстық «Азаматтық альянсы заңды тұлғалар бірлестігі» президентінің кеңесшісі Жақсыгүл Махамбетова, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы Маңғыстау облыстық филиалының хатшысы Роза Махамбетова, Маңғыстау облыстық «Азаматтық альянсы заңды тұлғалар бірлестігінің» президенті Жібек Ахметова және Жаңаөзен қалалық «Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Райыс Мұқашевалар құттықтап, «Арман тұлпарлары» ат спорты федерациясының президенті Орынбасар Құлбековке тарту таралғыларын тапсырып, қазақтың қасиетті қара домбырасын сыйға тартты. 9 мамыр – Жеңіс күні. Таңертең қарақұрым халық Құланды ипподромына қарай ағылды. Мерекелік шараны жүргізуші ІсенбайҚалдамановтың даусы жарқын-жарқын естіледі. Әуелеген әсем әуендер жиналған жұртшылықты ерекше сезімге бөлеп, көңіл күйлерін көтере түсуде. Бірін-бірі қызу құттықтап жатқан ауыл, қала тұрғындары белгіленген бағдарлама бойынша жүргізілетін ұлттық ат спорты ойындарын асыға күтуде. Аударыспақ ойындарының финалдық кездесуіне шыққан жігіттері тағы да өзара күш сынасуға қайта шығып, өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Әсіресе, үстеріне қазақтың ұлттық киімдерін киіп, қызғалдақтай құлпырған үш бойжеткен сәйгүліктерін қамшылап, алаңға шыға келгенде сүйсіне қол соқпаған жан болмаған сияқты. Себебі, «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деп қазақ бекерге айтпаған. Сондықтан әсем бойжеткендер ұлттық киімдер киіп, өз жұптарымен алаңға шыға келгенде бүкіл әлем құлпырып сала бергендей әсерде болдық. Олар қазақтың ұлттық ойыны «Қыз қуу»ға қатысуға келген ақтаулық Татьяна Макаркина, бейнеулік ару Нұрлы Дидар және жергілікті сұлу Орынхан Нұрландар еді. Әрине, бұлардың көрсеткен өнерлері көпшілік қауымның көңілінен шыққаны айқын аңғарылып тұр. Әттең, осындай ұлы мерекелік шараларға, соның ішінде «Қыз қууға» үшеу емес, тіпті 30-да емес, керек болса 300-дей күлімкөздеріміз қатысса көптік етпес еді-ау. Иә, бұл қазірше арман ғана. Бірақ кім біледі, сәті түссе қиялдаған арман-мақсаттардың да лезде орындалып жатуы ғажап емес. Өйткені, сол жерде жиналған жұртты құттықтау үшін мінберге көтерілген Жаңаөзен қаласының әкімі Елубай Әбілов сөз арасында жағымды жақсы жаңалықтың құлағын қылтитты. Ол бүгінгі мерекелік шараға демеушілік жасаған «ҚазМұнайГаз» ҰК, «ҚМГ» БӨ» ААҚ, «ӨМГ» ААҚ басшыларына алғыс айта келіп: - Қалада ұлттық ат спортын дамыту үшін игілікті істерді қолға алып жатырмыз. Солардың бірі – осы Құланды ипподромын Жаңаөзен қалалық әкімдігінің балансына алу. Сөйтіп біз осындай ұлт үшін, қаракөз жастарымыз үшін жасалуы тиіс жұмыстарды жалғастырып, одан әрі дамытуға жан-жақты қолдау көрсетеміз, - деп Елубай Жақайұлы ақжолтай жаңалықты жиналған жұртқа жариялады. Мұнан кейін құттықтауға шыққан «ҚМГ» БӨ» ААҚ-тың өндіріс жөніндегі атқарушы директоры Қуанышбай Нұрғалиев пен «Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Байжанов та қуаттайтындықтарын білдірді. ҚР еңбегі сіңген қайраткер, Жастар сыйлығының иегері, әнші Айгүл Қосанова жұп ән шырқап, жұртшылыққа шашу шашты. Халықтың көптен асыға күткен бәйгелері басталып, қиқуға қиқу қосылды. Әуелгі Тоқ бәйгеге 16 жүйрік қосылып, 18 шақырымға шапты. Әрине, қазақтың «Тұлпардан тұлпар озар салыстырса, жүйріктен жүйрік озар жарыстырса» дегеніндей 3 шақырымдық әр айналым сайын шаршы топқа түскен жүйріктердің қатары сирей берді. Бабы келмеген жануарлардың бағы жанбай ізіндегілерге жол беріп жатты. Тек алдыңғы екеуінен басқасы мәре сызығына да жете алмай қалды. Сөйтіп Тоқ бәйгеде межелі мәреге бірінші болып жеткен жаңаөзендік Парахат Қалдамановтың «Марғұлан торысы» иесінің қалтасына 1 миллион теңге сыйлық салды. Біраздан кейін екінші болып Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны Бекбол Сүйіндік Есенғалидың аты өтті. Көрермендердің қиқу салып асыға күткен Аламан бәйгесі мерекенің аяғына қарай келіп жетті. Жалпы Аламан бәйгеге қатысуға 24 сәйгүлік тіркеліпті. Әйтсе де, соның ішінде Аламанға 19-ы қатысты. Аймақ тұрғындарының мінезі тәктес ауа райының құбыла ұйытқуына қарамастан қиқу салған көрермендердің қошаметіне делебесі қозған арғымақтар табан жолға тарысып, гуілдей соққан желмен жарысып, бір-бірімен үзеңгі қағысып, құйрық тістесіп, судай ағып кетіп бара жатты. 24 шақырымдық қашықтыққа аттың аты, тұлпардың тұлпары шыдап бағады. Нағыз жүйрік сәйгүлік сын сағатта сүрінбей, көз ұшында көрініп, топтан озып, ердің де, елдің де атын шығарып, намысын қорғайды. Сондай сәйгүліктердің бірі, әрі бірегейі Қызыл өзеннен келген Батыр Аралбаеватың «Эделвейс» атты жүйрігі болып шықты. Екінші болып мәреге Сайын Шапағатов ауылынан Хамза деген азаматтың «Сары кездік» тұлпары жетті. Ал үшінші болып жетібайлық Дарханбай Қаңқаевтың «Құс қанат» сәйгүлігі кесіп өтті. Астанадағы бас мұнайшылардың демеушілігімен «Эделвейс» иесінің әмиянына 1 миллион 500 мың теңге сыйлық салды. Сондай-ақ, ұлттық ат спорты ойындарының барлық түрлері бойынша екінші және үшінші орындарға ие болған жүлдегерлерге тоңазытқыш, теледидар сияқты басқа да қымбат бағалы тұрмыстық бұйымдар табысталды. Осымен жеңіс күніне арналған мерекелік шара өз мәресіне жетті.

Репортажды жүргізген Мұратбай ҰЛЫҚПАН

1200
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
жаңалықтар қоғам маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Жастарға бағдар

Келесі жаңалық

Балалар қауіпсіздігі-басты назарда

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

    [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
    2568

    Шешімін таппаған салық мәселелері

    [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
    2452

    Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

    [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
    4271

    Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту орталығы еріктілерді іздейді

    [ 2019 ] 5 желтоқсан, 09:23
    2343

    2020 жылдан бастап Минск - Ақтау әуе рейсі іске қосылады

    [ 2019 ] 3 желтоқсан, 10:32
    1861

    Ел шебін күзету-ерекше міндет (ФОТО)

    [ 2017 ] 21 шілде, 06:02
    2506

    Рубрикалар

      Маңғыстау жаңалықтарыСұхбатӘлем жаңалықтарыАшық қоғамДенсаулықБейнеуЖарнамаТүпқарағанАнықтама бюросы

    Автордың басқа да жазбалары

    Жаңаөзенде ат бәйгесі өтті

    [ 2018 ] 11 мамыр, 11:43
    1421

    Жаңаөзендік аналар алтыннан алқа тақты

    [ 2018 ] 13 сәуір, 11:49
    1651

    Ырысы да өзі, гүлі де

    [ 2018 ] 16 наурыз, 05:53
    3674

    Жан жылуын сыйлаған

    [ 2018 ] 7 наурыз, 06:10
    1484

    Жаңаөзен қаласына қарасты ауылдар бюджеті талқыланды

    [ 2018 ] 3 қаңтар, 09:27
    1832

    Жаңаөзенде жыл үздіктері марапатталды

    [ 2017 ] 29 желтоқсан, 04:36
    1852

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»