Тәртіп сақшыларымен қос шара өтті
[ 2017 ] 10 мамыр, 11:04 | Жаңалықтар
Ақтау қалалық ауған соғысы ардагерлерінің "Боевое братство" қоғамдық бірлестігі Мұнайлы аудандағы екі шараға мұрындық болды. Оның бірі жең ұщынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа, екіншісі діни теріс ағымдарға қарсы іс-қимыл жүргізу бағытында өтті.
Аудандық ішкі істер бөлімінің құрамдық бөліністері мен ауданның спортшы жастарын қамтыған басқосу ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Маңғыстау облысы бойынша жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде жүзеге асырылды.
Оған аудандық ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі төрағасы Бердіхан Айдынбаев, "Азаматтық бастама" қоғамдық бірлестігі төрайымы Райхан Дәрібаева және жоғарыда аталған агенттік қызметкері Әлібек Бигенов пен дін істері басқармасының теологы Жолдас Суитов қатысты. Жиын барысында теолог пен агенттік өкілі өз салаларының шеңберінде ақпарат беріп, кеңестерімен бөлісті. Ішкі істер бөлімі басшысы Асқар Жақсыбаев та тақырып аясында сөз алып: "Сыбайлас жемқорлық, діни теріс ағымдардың жетегінде кеткендермен жұмыс, бұл екеуі де ішкі істер органы қызметкерлерінің қызмет барысында кездесетін жайт. Сондықтан тәртіп сақшыларына бүгінгі айтылып отырған ақпараттар өте қажет. Туындаған мәселелер бойынша сала мамандарымен бірлесе жұмыс жасаудың тиімділігі зор", деді.
Кездесулердің мәні мен мақсатын баяндаған қоғамдық бірлестік төрағасы Мәтжан Шаулиев ұйымның жоба аясында атқаратын жұмыстары туралы да ақпарат беріп өтті. Сондай-ақ ол ішкі істер бөлімі басшысы Асқар Базарғалиұлына ауған соғысы ардагерлерінің атынан Б.Момышұлының "Батыр шапағаты" медалін тақты.
970
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.