Қазақстан Президенті телеарна өкілдерімен кездесу барысында Астана қаласының қалыптасу тарихы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізудің өзектілігі туралы айтты, сондай-ақ көрме жұмысы аяқталған соң оның нысандарын елорда инфрақұрылымына пайдалануға қатысты сауалдарға жауап берді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ғылыми-инновациялық дамуы жолындағы ауқымды шара ретінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығын атап өтті. Таза энергетика, «жасыл экономика» және ІТ салаларындағы жаңа әзірлемелер мен технологиялар көрменің мұрасына айналатын болады. Сұқбат «National Geographic» телеарнасының «Мегақұрылыстар: Астана. Болашақтың қаласы» деректі фильмін түсіруге дайындық жұмыстары аясында өткізілді. Дереккөз: akorda.kz