Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Құқық қорғау саласы бөлімінің сектор меңгерушісі Төлеп Ахметжанұлы Байтеленов және ведомствоаралық комиссия мүшелерінің қатысуымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында жиын өтті.
Жиынға аудан және ауыл әкімі мен орынбасарлары және дербес бөлім, мекемелердің басшылары, қызметкерлері қатысты. Жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсарту, қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында білім мен денсаулық сақтау және басқадай салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебін тыңдады. Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметімен танысты. Осы орайда, Төлеп Ахметжанұлы әр мекеме басшыларына төтесінен сауалдар қойып, қызмет сапасын арттыру, әр іске жауапкершілікпен қарау керегін ескертіп, бірқатар тапсырмалар берді.
Шынар КЕНДІН