Алтыншы сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының депутаттарымен өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысынан соң, түстен кейін кезекті екінші сессиясы болып өтті. 29 сәуір күні шақырылған кезекті сессияда күн тәртібі бойынша алдымен 2015 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалып, бекітілді. Облыстың тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін таныстырған Айгүл Нұрбосынова ауданымызға қатысты екі бақылау тексерісі жүргізілгенін, онда ешқандай өрескел заң бұзушылықтар болмағанын айта келе, статистикалық мәліметтердің жарияланбағанын атап өтті.
Сонымен қатар,күн тәртібі бойынша «Қазақстан 2020 – болашаққа жол» ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында жастарды мәдени құндылықтарға тарту бағытында аудан көлемінде атқарылған жұмыстардың жайы және оны жақсарту туралы аудан әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиұлы тоқталды. Мәслихат депутаты Мәнет Шырақбай атынан Ақшұқыр жастарының мәселесі және оларға заманға сай спорт залы қажет екені айтылды. Бір ескере кететін жәй ретінде жастардың көпшілігі қаладан пәтер алу үшін облыс орталығындағы туыстарының үйіне тіркеуге тұратыны да аудан жастарының салыстырмалы көрсеткішін соңғы жылда төмендетіп тұрғаны да айтылды.
Жастар саясатын жүзеге асыруда аудандық басылымның жастарды насихаттаудағы жұмыстарын сайт арқылы жандандыру деген ұсыныстар берілген болатын. Негізінен жастарадың басылым бетінде насихатталуы мемлекеттік тапсырсытың аясында толықтай орындалып келеді. Газеттің әр санында тұрақты жастардың жұмыспен қамтылуы, олардың қоғамдық белсенділіктерін көрсететін жарияланымдарды жаряилаудан газет бас тартқан емес. Сонымен қатар, жақын арада облыс көлемінде «Маңғыстау –Медиа» ЖШС арқылы «7292 info.kz» сайты өз жұмысын бастап, Республикалық деңгейде беделін көтеруге шаралар алынып жатырғандығы да дәлел. Осы сайт арқылы ауданның спортта, білімде, халықаралық жарыстарда жетістікке жеткен жастары туралы материалдар жарияланды.
Сессия соңында сайлаушылар аманаттарын орындаудың іс-шараларын бекіту және аудан әкімдігі жанындағы тұрақты комиссиялардың құрамдарын бекіту, аудандық мәслихаттың үшінші сессиясының төрағасы туралы мәселелер қаралды.
Милана ЕЛЕУСІНОВА