Тілшіміз Маңғыстау облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Н. Қарасаевпен кездесті.
-Нұрбек Қарасайұлы, алдымен өткен жылы атқарылған шаруаларға тоқталайық...
-Аймақта кәсіпкерлікті дамыту,жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту басты бағыттардың бірі болып отырғаны белгілі. Маңғыстау облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың 2015-2019 жылдарға арналған картасында осы мерзім ішінде өңірімізде 432,3 миллиард теңге көлемінде 24 жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұл меже іске асқанда 3 263 жаңа жұмыс орны ашылады.
Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 2016 жылы 4 жоба және тағы 2 жобаның бірінші кезеңі (жұмсалғаны 115,7 миллиард теңге) пайдалануға беріліп, 1500-ден астам жұмыс орны іске қосылды. Атап айтсам, «Азерсун» өндірістік және логистика орталығы» ЖШС-нің азық-түлік сақтауға арналған қоймасы, «Казахстан ПайпТредерс» (Тенарис) ЖШС –нің жылына қуаты 45000 тонна мұнайгаз саласына арналған құбырлар шығаратын зауыты, «Ақтау Теңіз Солтүстік терминалы» ЖШС –нің жылына 2,5 миллион тонна құрғақ жүк тасымалдауға мүмкіндік беретін «Ақтау халықаралық теңіз портының Солтүстік терминалын кеңейту», жылдық қуаты 300000 шаршы метрлік «Ақтау үй құрылысы комбинаты» құрылыстары бар. Бұған қоса, «КазАзот» ЖШС зауыты минериалды тыңайтқыштар шығару қуаты жылына 400000 тонналық болып жаңғыртылды. Сондай-ақ, Құрық портындағы паром кешені және «Қазақстан Темір Жолы» АҚ» -ының әмбебап жүк-жолаушылар паромын (қуаты жылына -4,1 млн. тонна) айтуға болады.
- «Көрпеңе қарай көсіл» деген бар. Сан-салалы, ауқымды жұмыстардың іске асуы, кәсіпорын, нысандардың салынуы қаражатқа кеп тірелсе керек. Осы ретте, инвестиция тарту мәселесі жайында айта кетсеңіз.
- Әлеуетті инвесторлардың жұмыс белсенділігін арттыру, инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында облыс әкімнің шешімімен Инвестициялық кеңес құрылды. Кеңестің жұмыс жоспары бойынша облыстық әкімдікте жобалардың жүзеге асуына және өңір экономикасына инвестиция тартуға қатысты түрлі мәселелер талқыланады.
Күні бүгінге дейін Кеңестің 6 отырысы өтті. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» вице-президентінің қатысуымен «Құрық паром кешені құрылысы» жобасын іске асыру барысында шаруа қожалықтарына қатысты туындайтын жәйттер, басқа да мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, екі отырыста «Қазахстан Пайп Трэдэрс» ЖШС әкімшілік ғимыратының жобасына өзгерістер енгізу, мұнай кәсіпшілігіне арналған дайын құбыр өнімдерін шығару жайы қаралды.
Өткен жылдың мамыр айында облыс әкімінің төрағалық етуімен және CITIC Group президентінің қатысуымен Инвестициялық Кеңестің отырысы өтіп, Инвестиция туралы меморандумға қол қойылды. Инвестиция тарту мақсатында сәуір айынан бастап «Маңғыстау» кәсіпкерлерлерге қызмет көрсету орталығы» жанынан ашылған Инвесторларға қызмет көрсету орталығы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істей бастады. Негізгі қызметі аймағымызға инвестициялық жобаларды тарту болып саналатын орталық инвесторларға қызықтырған, мүдделі мәселелері бойынша кеңестер береді, инвестиция ауқымын арттыру, тартымдылығын насихаттау бағытында жұмыстанады.
«Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС ұйтқы болуымен қазан айында «InvestmentdaysofMangystau» халықаралық инвестициялық форумы өткіздік. Мақсат-облысымыздың инвестициялық әлеуетін көрсету болатын. Инвестициялық жобалардың көрмесі көрсетіліп, тартылған нақты инвестициялық жобалардың таныстырылымы болды. Форумға қатысқан 300 адамның 30-ы алыс және таяу шет елдерден келді. Форум аясында итальяндық «RencoS.p.A»,түркиялық «BitumTeKIzoIasyon», ресейлік « Росат» компанияларымен меморандумға қол қойылды. Шарадан соң бірқатар инвесторлар инвестициялық жобаларын бізде іске асыруға ықылас танытып отыр. Меморандум аясында « Битум өнімдерінен жасалған орама материалдар өндіретін завод құрылысы» жобасын жүзеге асыру үшін «ВТI KazaKstan» ЖШС құрылды.Бұған қоса «Кели жаңа техникасын дамыту бойынша Синьцзян» компаниясы» АҚ, «RencoS.p.A» итальяндық компания да инвестициялық жобамен келуге мүдделі.
-«Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағында іске асқан жобалар жайында сөз етсек.
-«Ақтау теңіз портын» жоғары технологиялық өндіріспен жабдықтау бағытындағы жұмыстар одан әрі ж
[caption id="attachment_17865" align="aligncenter" width="575"] Ақтау теңіз порты[/caption]алғасуда. Құрылған уақытынан бастап, порт аумағында 79,8 мың теңге инвестиция тартылды, 234 миллиард теңгенің өнімі шығарылды. Бюджетке 19,4 миллиард теңгеден астам салық төленді. Тіркелген 31 қатысушы болса, оның ішінде 15 нысан жүзеге асты. 2017-2021 16 нысанды іске қосу көзделуде.
«Ақтау теңіз порты» ЕЭА жұмыс істей бастаған уақыттан бері 1000 жұмыс орны ашылды. Президент Жарлығында порт аумағы 2000 га болып белгіленген. Бүгінгі таңда №1 және №3 айрықша аймақта инженерлік инфрақұрылым жүргізілген. № 2 және №4 айрықша аймақта жобалау-сметалық құжаттама жұмыстары жасалуда. Сондай-ақ, 2018 жылы №5 және №6 айрықша аймақта жобалық-сметалық құжаттар дайындау жоспарда бар.
-Инновациялық көрсеткіштер қандай?
-Кәсіпорындардың иновациялық белсенділігі деңгейі 2015 жылы 3,8, ал 2014 жылы 3,4% болды (2012 жылы-2,3 %). 2015 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы 922 кәсіпорынның инновациялық қызметіне статистикалық бақылау жасалды. Көрсетілген мерзімде 32 шаруашылық субъектісіне инновация енді (2013 жылы 20 кәсіпорын).
Өткен жылы 29 маусымда «Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттігі» АҚ және мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтың қатысуымен аймақта инновацияны дамыту мәселесіне арналған семинар өтті. Онда инновациялық грант алуға тапсырыс берудің сапасын арттыру мәселесі сөз болды. Семинар аясында қатысушылар инновацияның қарқыны, басымдылық бағыттары, инновациялық грантардың түрлері, тапсырыстар қараудың процедурасы, басқа да инновацияға қатысты жәйттермен танысты.
-Аймақтың дамуында сыртқы экономикалық қызметтің алар орны айрықша. Бұл жайында дерек не дейді?
- Маңғыстау облысы әлемнің 86 елімен экспорттық-импорттық байланыс жасап отыр. Аймақтың сыртқы-сауда айналымы 2016 жылдың қаңтар-қазан айында 2 977, 9 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт 2 778 млн.доллар, импорт 199,7 млн. доллар.
Өткен жылы өңірімізде 11 шалғай және таяу шетелдің сауда-экономикалық мақсаттағы жұмысы ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Армения, АҚШ, Италия, Франция, Нидерланд, Қытай, Германия, Литва, Азербайжан, Иран Ислам Республикасы делегациялары Маңғыстау облысында болды.
«CITICGroupob» қытайлық компаниясымен инвестиция хақында, Иран Ислам Республикасы Гулистан провинциясының делегациясымен ынтымақтастық жайында меморандумға қол қойылды.
-Үстіміздегі жылы қандай жобалар іске асады?
-2017 жылы жалпы құны 55,8 миллиард теңгенің 10 жобасы іске асып, жаңадан 465 жұмыс орны құрылуы керек. Атап айтқанда, «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС-нің электр жабдықтарын шығару және трансформатор жөндеу, «Ақтау Керамзит» ЖШС-нің керамзит тасын шығаратын зауыт құрылысын маңызды жобалар ретінде айтуға болады. Сондай-ақ, «Казавтожол» ҰК» АҚ «Шетпе-Бейнеу» көлік жолын жаңғыртпақ. «Шыныталшықты құбырлар зауыты» ЖШС-нің шыныталшықты құбырлар шығаратын 3-ші цехының құрылысы тағы бар. Түйіндеп айтсақ, алдағы жылдың жұмысы ауқымды болғалы тұр.
- Ендеше, жұмысыңызға сәттілік тілейміз.
- Рахмет.
Сұхбаттасқан Болат ҮМБЕТОВ