Жуырда «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығының облыстық филиалы, облыстық әдістемелік және қосымша білім беру орталығы және «Жастар жетістіктері» ҮЕҰ бірлесе ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті.
«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында орта білім беру ұйымдарының педагогикалық менеджменті» атты семинарды «Өрлеу» республикалық институтының «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Г.Биомарова мен Б.Тәжібаев жүргізіп, дәріс оқыды.
5 күнге жалғасқан семинарда білім беру жүйесіндегі түйткілді тақырыптар талқыланып, өзекті сауалдар, пайымды пікірлер ортаға салынды. «Жалпы орта білім беру ұйымдары қызметіне сапа менеджмент жүйесін енгізудің құқықтық негіздері», «Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптері», «Сапа менеджменті жүйесіндегі мектеп басшысының көшбасшылық қасиеттері» секілді маңызды тақырыптар қозғалды. Ұстаздар біліктілігін арттырып, тәжірибесін молайтты. Семинар соңында қатысушылар тест тапсырып, білімін тексерді. Өңірдегі мектеп басшылары мен қызметкерлерге семинардағы белсенділігі үшін сертификаттар табысталды.
Ханым ОРЫНБАЙҚЫЗЫ