• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 11 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

"Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"...

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

    Кәсіпті өрге сүйрейтін игі қадам

    [ 2016 ] 9 қараша, 11:56  |  Жаңалықтар

    Бүгінгі таңда мал өсірумен айналысатын кәсіпкерлер төккен терінің игілігін көре алмай отыр. Себебі, малдан алынатын өнімдердің өткізу бағасы тым төмен, ал оны асырап-бағуға кететін шығын мөлшері шаш етектен. Мал шаруашылығын тиімді салаға айналдыру үшін не істеу керек? Оған қандай факторлар қолбайлау болуда?

    Жуырда аудандық ішкі саясат, тілдерді дамыту бөлімінің акт залында өткізілген дөңгелек үстел басында бас қосқан кәсіпкерлер осы сұраққа жауап іздеп көрді.

    Маңғыстау облыстық «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасының ұйымдастыруымен өткізілген кеңейтілген жиынға Палата директоры Олжас Қаржауов, орынбасары Мирлан Хусаинов, «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ЖШС- нің директоры Ақтанәлі Исмаил, орынбасары Олжас Мусин, аталған серіктестіктің түйе малы бойынша эксперті Күзембай Ерғалиев, аудандық «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасының қызметкерлері, аудандық мәслихат хатшысы Ахмет Мееров, аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ержан Бегниязов, аудандық ветеринариялық станса басшысы Әділхан Қойланбаев, бір топ кәсіпкерлер қатысып, өз ойларын ортаға салды. Басқосудан республикалық «Хабар» телеарнасының облыстық филиалының қызметкерлері тікелей хабар жүргізді.

    Облыстық «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасының директоры қатысушылар назарына түйе малын өсіру, шаруашылықты дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан іргелі шараларды бейнебаян арқылы ұсына отырып, алдағы кезеңде кезегін күтіп тұрған істерге тоқталды.

    - «Республикамызда мал баққан шаруаларды шағын несиелендіру бағытында жаңа бетбұрыс жасалды.Біздің аймақта түйе өсіру мәселесі көш басында тұрғандығы себепті осы саланы оңалту мақсатында биыл облысқа 580 миллион теңге бөлінді. Түйе шаруашылығын қалайша гүлдендіріп, пайдаға кенелуге болады? Бұл күрмеуі қиын мәселені оңтайлы шешу мақсатында жанжақты талдау жұмыстары жүргізілуде. Жақында осы аталған мәселелер бойынша облыс әкімінің қабылдауында боламыз»-деген басшы ойын әрі қарай өрбітті.

    «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас»-деген. Жеке кәсіпкерлер өз күшімен дамудың даңғыл жолына түсе алмайды, себебі олардың мүмкіндіктері шектеулі. Олар мемлекет тарапынан несие ала алмайды, субсидияға қол жеткізулері қиын. Шаруашылықты өрге бастыру үшін ұжымдық бірлестік- тұтынушылар кооперативін құру қажет. Жетістікке жетудің жалғыз да төте жолы- белгілі бір мүшелік жарнаны төлеп, кооперативке ену. Кейбір малбегілеріміз бұл жағдайда малы да ортаға түсуі мүмкін деп есептейді. Бұл түбірімен қате пікір. Ұжым мүшелері ортақ капиталды қайда жұмсайтынын өздері шешеді. Сонда ғана банктен несие, мемлекет тарапынан субсидия алуға кеңінен жол ашылады. Мемлекеттік саясат бізді осылай жасауға алып келе жатыр. Елімізде биеден қымбат бағалы өнім- құрғақ сүт дайындау жолға қойылған: енді түйе сүтінен құрғақ сүт өндіру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Біздер кәдеге асыра алмай жатқан түйе жүнінен қымбат бағалы төсеніштер шығарылуда. Біз ортақтасып, іріленгенде ғана осындай игіліктерге кенелеміз. Қазір облыс аумағында екі жерде мал өнімдерін қабылдап, одан дайын өнімдер шығаратын пункттер жұмыс жасап тұр. Енді осындай пункттерді жергілікті жерлерде ашпақшымыз. Сонда құны төмен, қолжетімді өнімдер өткізуге қол жеткіземіз. Иран елінде көкөніс өндіруге бағытталған тұтас агроаймақ кешені салынған. Құрық ауылынан осындай үлгідегі кешен салынуда: нысан пайдалануға берілген жағдайда өнімнің өзіндік құны төмендейді» - деген О.Қаржауовтың сөздері көпшілікті ұйыта түсті.

    Өзінің бай тәжрибесіне сүйенген ауыл шаруашылығы қызметінің ардагері К. Ерғалиев жергілікті жерден өндірілетін мал өнімдерінің сатылу бағасы не үшін төмен болып отырғандығына түсінік бере келе кооператив құрудың пайдалы жақтарына тоқталып өтті.

    - «Біздер-жеке кәсіпкерлер, өзіміздің дәрменсіздігімізден өндірген өнімдерімізді төмен бағаға алыпсатарларға көтертіп жіберуге  мәжбүрміз. Тауарды өзіміз өткізуге уақытымыз тапшы. Саудагерлер өнімді өз кезегінде қымбат бағаға сатып, таза пайдаға кенелуде. Ұсақ партиямен сауда жүргізетін болғандықтан іргелі сауда нүктелерімен келісімге отыра алмаймыз. Ал, ортада жүрген алыпсатарлар жоқ жерден байи түсуде. Біз бұған нүкте қоюымыз қажет. Сендерде үрей басым, сондықтан біріге алмай отырсыңдар. Пайдаға кенеліп, лайықты өмір сүруіміз үшін бірігу қажет!». Басшының сөзі осыған сайды, біздің де оған алып- қосарымыз жоқ. Дөңгелек үстел басында сөз тізгіндеген А. Мееров, Е. Бегниязов, Ә. Қойланбаев, өзге де кәсіпкерлер кооперативтің артықшылықтарына тоқталып, ортақ мәмілеге келуге шақырды.

    Басқосу қорытындысымен сөзді түйіндеген О. Қаржауов мәселеден іске көшетін кез жеткендігін айтып, екі ай ішінде мәселенің оң шешімін табатындығына сенімді екендігін жеткізді

    Екі арадағы сең қозғалып, тараптар арасында түсінушілік орын алды. Іске сәт дейік!

    Жалғас БЕГЕЙ

    867
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар экономика
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    АҚШ-та президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жетті

    Келесі жаңалық

    Астанадағы ЭКСПО-2017  туралы маңызды 25 дерек

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Портовые города Актау и Пирей налаживают сотрудничество с учетом растущего потенциала ТМТМ

      12 ақпан, 10:29
      2727

      Мангистау опередил Астану по объемам инвестиции в науку

      22 қаңтар, 12:30
      3234

      Казахстан планирует утроить экспорт зерна в Иран в 2024 году

      10 қаңтар, 11:31
      3161

      Какие масштабные проекты были реализованы в Мангистау в 2023 году?

      [ 2023 ] 31 желтоқсан, 12:46
      3119

      Инвесторы из Китая заинтересованы в строительстве контейнерного хаба в портах Актау и Курык

      [ 2023 ] 6 желтоқсан, 12:50
      3237

      До 20 млн тонн в год планируется увеличить объем грузоперевозок по коридору Север-Юг

      [ 2023 ] 5 желтоқсан, 10:03
      3188

      Рубрикалар

        БайқауАНТИКОРЖастар бетіӘдебиетРедакцияӘлем жаңалықтарыСаясатБіле жүріңіз

      Автордың басқа да жазбалары

      Ұлық мереке ұлықталды

      [ 2016 ] 15 желтоқсан, 07:39
      1380

      Жасампаз тарихтың жаңа тынысы басталды

      [ 2016 ] 12 желтоқсан, 10:02
      1173

      Қарақияда ескерткіш тақта орнатылды

      [ 2016 ] 9 желтоқсан, 12:57
      1457

      Неліктен біз АИТВ/ЖИТС туралы айтуымыз тиіс?

      [ 2016 ] 9 желтоқсан, 09:35
      2109

      Менің Қазақстанымның аспаны көк

      [ 2016 ] 30 қараша, 13:01
      1339

      Облыс әкімі жұмыс сапарымен «Құрық» паромдық кешенінде болды

      [ 2016 ] 22 қараша, 11:29
      1231

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»