©
Екі күнге жалғасқан семинар БҰҰ даму бағдарламасы мен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының ұйымдастыруымен өтті. Оған облыстық, қалалық, аудандық БАҚ өкілдері қатысты. Семинар-тренингті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Сарапшылар кеңесінің хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист Камал Әлпейісова жүргізді.
Қатысушылар гендерлік саясат жайында егжей-тегжейлі мағлұмат алып, білімін молайтып, тәжірибе алмасты. Әйел мен ер адамға қатысты жағымды және жағымсыз сипаттағы мақал-мәтелдер айтудан жарысып, гендерлік сезімталдықты көрсететін әртүрлі тақырыптағы сахналық көріністер қойды. Күнделікті өмірдегі гендерлік стереотиптер жөнінде сөз қозғалды. Журналистер гендерлік ілім бойынша көкейіндегі сауалдарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды.
Семинар-тренинг соңында журналистерге сертификаттар табысталды. Барлық қатысушылар шара ұйымдастырушыларына ризашылығын білдіріп, жаңа біліммен, жаңа әсермен тарасты.
Ханым ҚУАТ Суреттерді түсірген Ақерке Гагаринқызы