Оған Ақтау қалалық №9 орта мектептің 30-ға жуық оқушылары қатысып, әскери ұшақтың әуеге көтерілуін тамашалады. Әскери борттың ерекшеліктері мен оны басқару, ұшқыштың алдын-ала дайындығы оқушыларды аса қызықтырды. Шәкірттер тарапынан әскери қызметшілердің өмірі мен жұмысы жайлы сауалдар толастамады. Әскери техника мен арнаулы құрал-жабдықтар жайлы ұсақ-түйекке дейін сұрап білді. Мұнан бөлек қатысушылар үшін түрлі қару-жарақтар мен ауыр техника көрмесі ұйымдастырылды. Балалар қолдарына қару ұстап көріп, таңданысын жасырмады. Себебі мұндағы «АК-74» автоматы бастапқы әскери даярлық пәнінде пайдаланатын оқуға арналған қару емес. Нағыз суық қару. Атыс мылтығымен танысқан оқушылар оны пайдалану жолдары жайында да сұрап білді. Шара барысында казарма жағдайы, асханадағы мәзір, әскерилер күн тәртібі мейлінше толық таныстырылды.
Бұл іс-шара оқушыларға Қарулы Күштердің қауқарын танып білуге үлкен мүмкіндік болып отыр. Өз кезегінде аға әскерилер жасөспірімдерді ел қорғауға, Отан алдындағы борышын мінсіз өтеуге шақырып, туған жердің тыныштығын сақтау қасиетті азаматтық парыз екенін түсіндірді.
Голрох Жеменей