Түпқараған ауданында 16-17 желтоқсан күндері дүниеге келген екі сәбиге baby-бокс сыйға берілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Сүйінші" сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа Президент Қ. Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, "Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл" монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған.
Мемлекет басшысының құттықтауында: "Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!", - деп жазылған.
16 және 17 желтоқсанда туған балаларға туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік
корпорациясының қызметкерлері қабылдап, әрі қарай Қазақстан азаматының алғашқы құжатын ресімдеу үшін аудандық АХАЖ органдарына жолдаған болатын.
Аталған "Сүйінші" сыйқораптарын ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі "Азаматтарға арналған үкіметпен" және Ұлттық банк, "Центркредит банкі" және "Қазпошта" АҚ қатысуымен ұйымдастырды.
Айта кетейік, биыл Тәуелсіздік мерекесінде 116 сәби дүниеге келген.