Маңғыстау облысында жылыту маусымы басталғалы қызметкерлер 29 618 тұрғын үйді аралап, 69 674 тұрғынға түсіндірме жұмыстарын жүргізген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатындағы рейдті Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері "БК және АҚЖҚ" ММ мамандарымен бірлесіп жасады.
Олар тұрғындарға электр жабдығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау қажетін айтып, жылыту пештерін, тұрғын үй-жайлардағы газ-баллон қондырғыларын орнату және күтіп-ұстау кезінде жадынамалар таратты. Сондай-ақ талаптарды сақтауға, жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шараларына және пайдалануға жарамды жылыту аспаптарын ғана пайдалану керектігін ескертті.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, рейд жұмыстары тек қалада ғана емес, аудандарда да жүргізіліп жатыр. Рейдке еріктілер, мүлік иелері бірлестігінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өкілдері, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатысуда.