Биыл аталған қаржы есебінен "Ауыл - ел бесігі” бағдарламасы аясында 18 жобаны іске асады.
-18 жобаның ішінде 11-і әлеуметтік салаларға, қалғаны тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және көліктік инфрақұрылым объектілеріне бағытталды. Атап, айтсақ: Жыңғылды, Баутино, Боранқұл, Теңге, Бейнеу, Өмірзақ ауылдарында 6 спорт зал, С.Шапағатов ауылында мәдениет үйі, Бейнеу ауылындағы Күйкен, Атамекен мектептеріне, Ақшұқыр ауылдағы М.Әбдіхалықов атындағы мектепке 3 қосымша жапсарма құрылысы, Рахат ауылында дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған. Ал, Мұнайлы ауданындағы Адай автобазасынан Баянды ауылына дейінгі автомобиль жолына көше жарықтарын салу, Бейнеу ауылында жоғары кернеулі ұяшықтар құрылысы 1, 2 аймақтарға орнату көзделіп отыр. Сонымен қатар, Жыңғылды, Өмірзақ, Ақжігіт, Құрық ауылдарында ауылішілік автомобиль жолдары құрылысы басталады деп күтілуде,-деді Айнұр Ертілиева.
Сондай-ақ, тағы 9 ауылда 7 әлеуметтік жобаны іске асыру үшін қосымша 2,9 млрд.теңгені құрайтын бюджеттік өтінім Ұлттық экономика министрлігіне жолданған. Олар Қызылсай, Рахат ауылындарында 2 спорт зал құрылысы, Құланды ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы, Шетпе, Баутино ауылдарында 2 мектепке жапсарма құрылысы, Дәулет, Атамекен ауылдарында 2 ауылдық клубтың құрылысы.
Жобалар іске асса, нәтижесінде ауылдық елді мекенде 277 жұмыс орны құрылады (57 тұрақты, 220 уақытша), әлеуметтік сала қызметтерінің сапасы артады және ауыл халқының тұрмыс деңгейін көтеруге септігін тигізеді.
Ал 2019-2021 жылдары “Ауыл - ел бесігі” бағдарламасы аясында құны 10,6 млрд.теңгеге 18 ауылда 96 жоба жүзеге асырылған.
Шетпе ауылында орталық кітапхана, Рахат ауылында мәдениет үйі, Қызылсай ауылында дәрігерлік амбулатория, Ақшұқыр ауылында 160 орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілді. Ақшұқыр ауылындағы 600 оқушыға арналған жалпы орта білім беру мектебіне инженерлік желілер жүргізілді. Жалпы ауылішілік жолдардың қатты жабындымен қамтамасыз етілуі 22,3%-дан 27,8%-ға өсті (190 км).
909 жұмыс орны құрылып (89 тұрақты, 820 уақытша), бюджетке қосымша 1,1 млрд.теңге салық түсті.