Әсет Шопанов Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Бейнеу ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған, 2003-2018 жылдары Бейнеу ауданы әкімдігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2018 жылдан бастап Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әртүрлі лауазымдарды атқарды, 2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Ұжымға таныстыру барысында Нұрлан Ноғаев басқарманың жаңа басшысына бірқатар нақты тапсырмалар берді.