Осы жылдың 1 сәуірінде басталған Маңғысту облысының энергия өндіруші және энергия таратушы кәсіпорындарының 2016-2017 жж. күзгі-қысқы мерзімге дайындық, жөндеу науқаны тиісті дәрежеде ұйымдастырылды. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау келісім-шарт және кестелерге сай жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күні электрстанциялардың қоймаларында тиісті 23,3 мың тонна орнына, 27 мың тоннадан аса мазут қоры сақталған. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды 2016-2017 жж. күзгі-қысқы мерзімде сенімді өткізу үшін Қазақстан біртұтас энергетика жүйесінің негізгі қондырғыларды күрделі және қамтылған ағымдағы жөндеу жұмыстарының бекітілген кестестесіне сай 2 энергоблок, 2 энергетика қазандығы, 2 турбина жөнделуде. Ақтау қаласының 1530 метрлік магистралды жылу желісі ауыстырылды. Кәзіргі таңда негізгі жөндеу жұмыстары аяқталды, тек бір энергоблок, бір энергетика қазандығы, бір турбина кесте бойынша 4 тоқсанда аяқталады. 519 шақрымдық 35-220кВ әуе электр желісі күрделі жөндеуден өтті. Күзгі-қысқы мерзімге дайындық жұмыстары, жүру барысы Акимат және Энергетика министрлігінің селектрлік жиналыстарында қаралады. Энергетика саласының және тұрғын үй-коммуналдық шарушылық нысандарының дайындығын Қазақстан Республикасы Президент Аппараты құрған, жұмыс тобы нысандарға барып қарайды. Энергия өндіруші және энергия таратушы кәсіпорындарының күзгі-қысқы мерзімге дайындығы сол кәсіпорындардың жасақтаған комиссиясы қадағалайды. Осы негіздегі құжаттарға байланысты, қазан айында Энергетика министрлігі қысқа дайындық паспортын беруді қарастырады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті