Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство өкілінің мәлімдеуінше, министрліктің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, аптасына бірнеше рет авациялық базаларда оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Аталған жаттығулар таңертең басталып, ауа температурасы +35 грдаустан асқан кезде және түнгі уақытта аяқталады.
Біз осыған дейін бірнеше рет ресми хабарлама беріп өткеніміздей, қандай да бір сұйықтықты шашу үшін тікұшақтар арнайы аспалы қондырғы жабдықталуы қажет. Әскери ұшақтар мен тікұшақтарда аталған қондырғы орнатылмаған. Сондықтан да сұйықтық немесе ұнтақ шашу мүмкін емес.
Оның үстіне авиациялық базаның ұжымы түгел отбасымен Ақтауда тұрады. Өз отбасыларына өздері қауіп төндірмейді, деп жазылған ведомство хабарламасында.