Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті ГМ-172/6 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің сотталғандарына арнаулы орта ғана емес, сондай-ақ, қашықтықтан оқыту нысанында жоғары білім алу мүмкіндігі берілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ҚАЖД хабарлағандай, бакалавр дипломын алу жабық мекемелердегі сотталғандар үшін бұл алғашқы мүмкіндік. Жоғары оқу орнына түсу үшін сотталған қарапайым талапкерлермен бірдей үрдістерден өтуі қажет.
"Қазіргі уақытта шамамен 12 сотталған талапкер ЖОО-ға түсу емтихандарына дайындалып жатыр, қабылдау комиссиясы жаздың соңында қарауға кіріседі. Оқыту негізінен көліктік-техникалық мамандықтар бойынша жүргізіледі. Әкімшілік өз кезегінде біздің студенттердің табысты оқуы үшін техникалық қамтамасыз етуді дайындайды", - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.