Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуі көпшіліктің назарын аударатын экологиялық мәселеге айналды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Каспий теңізі де жеке назар аударуды талап етеді. 2006 жылдан бастап теңіз деңгейі төмендеп келе жатыр. 2020 жылға қарай теңіз деңгейі 1 метрден астамға төмендеп, Балтық жүйесі бойынша минус 28,23 метрге жетіп қалды. Каспий теңізінің тарихына қарағанда, теңіз деңгейінің минус 28,5 метр белгіге төмендеуі оның экожүйесі үшін қатерлі саналады», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Ал Каспий теңізінің тартылып жатқанын Ақтаудағы жағалау сызығының өзгергенінен байқауға болады. 2004 және 2008 жылдар аралығындағы салыстырмалы суреттер топтамасын Caspy Media ютуб каналы жариялады.
Суреттерді түсірген Талант Құсайын