Бүгінде Маңғыстау облысында жеңістің 76 жылдығын 6 майдангер қарсы алып отыр.
Солардың бірі – Ольга Завирняк. Ардагерге бүгін облыстың Қорғаныс істер жөніндегі департамент қызметкерлері сый-құрмет көрсетті. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты мерекелік шаралар шегерілгенімен, жеңімпаз жауынгердің үйіне барып, мерекемен құттықтады.
Ольга Завирняк 1941-1945 жж. Белоруссия шекарасындағы партизандар қатарында болған. «Укранинаы фашистік басқыншылардан азат етуге 60 жыл», «ҰОС 60 жыл», «Отан Қорғаушысы», «Ұлтшылдықты жеңгенге 70 жыл», «Азат етуші ардагер», «Соғыс ардагері» мерейтойлық медальдардың иегері. «Ерлігі үшін» және «Ұлы Жеңіске 65 жыл» төсбелгілерімен марапатталған.
«Бейбіт өмір, ашық аспан үшін сіздерге алғыс білдіреміз! Ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Ол келешек ұрпақтың жадында мәңгі сақталады», - деді Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы полковник Мақсат Тастанов.
Ардагер департамент бастығына алғысын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.