Жеңіс күні – біздің еліміздің тарихында әрдайым ең маңызды мереке. Мереке қарсаңында Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагерлері Асан Аймағамбетов пен Бисен Боқаевтың отбасына барып құрмет көрсетті.
Кездесу барысында әскери қызметшілер өздерінің атынан отбасыларына береке, ұзақ ғұмыр тілей отырып грамоталар мен гүл шоқтары табыстады.
Соғыс ардагерлері көрсетілген ықыластары үшін алғысын білдіріп, елімізге бірлік пен бейбіт өмір тіледі.
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні ең қымбатты, қуанышты да қасіретті мереке. Ардагерлер әрқашан құрмет пен сыйға лайықты. Біз олардың Ұлы жеңісті жақындатудағы еңбегін құрмет тұтамыз. Соғыс, тыл және еңбек ардагерлеріне қамқор көрсете отырып, біз жастардың тәрбиесімен айналысамыз, - деді әскери бөлім рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Көпжан Амангелді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Маңғыстау облысында алты Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады.