©
Маңғыстау облысы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының жобасы бірнеше күн бұрын облыстық мәслихаттағы фракция отырысында талқыланып, пысықталған болатын. Бұл құжат бүгін партияның Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросында бекітілді.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірленген Жол картасы 148 пункттен құралған. Оның ішінде жаңа жұмыс орындарын ашу, өңдеу өнеркәсібі, көлік пен логистика, агроөнеркәсіптік кешен мен туризм, тау-кен өнеркәсібін дамыту және тағы басқа бағыттары бойынша әр жылға нақты көрсеткіштері бар. Әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер қойылып, жауапты орындаушылар белгіленді.
Партия филиалының Саяси кеңес бюросына төрағалық еткен облыс әкімі, партияның облыстық филиалы төрағасы Серікбай Трұмов нақты мақсаттарға бағытталған Жол картасын басшылыққа алып, жүзеге асыруды тапсырды.