Бүгін "Маңғыстау Медиа" ұжымында тағы да бір жарқын жүздесу өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Медиаға Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Рзаханов пен Ақтау қаласындағы Әзербайжан Республикасының бас консулдығының басшысы Эльмар Мамедов келді. Асқар Рзаханов журналистерге сайлау кезінде ақпараттық қолдау көрсетіп, жедел ақпарат таратқандары үшін алғысын білдіріп, Медиа басшысына Алғыс хат табыстады.
Өз кезегінде Эльмар Мамедов та журналистерге алғысын білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Осы ретте журналистердің қосар үлесі зор екенін айтып, Медиа директоры Айсұлу Дутбаеваға өзінің сыйлығын табыс етті.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН