Бүгін Маңғыстау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова, комиссия мүшелері қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы институты туралы, жас отбасылардың ажырасу динамикасы мен оның алдын алу бойынша мәселелер қарастырылды. Мектеп оқушыларының арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Отырыста Ақтау қаласы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы Әбілқайыр Байпақов «ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының мақсатты индикаторларына қол жеткізу бойынша Ақтау қаласындағы шаралар туралы» баяндама жасады.
Ә.Байпақов жергілікті атқарушы органдарында әйелдердің үлесіне тоқталып өтті. "Қала әкімдерінің орынбасарлары - 4 ер адам, қала әкімі аппаратының басшысы -1 әйел адам, қала әкімдіктеріндегі бөлім басшылары - 55, оның ішінде әйел басшылар-32, әкімшілік персонал әйелдер саны - 86. Мәслихат депутаттары - 17, оның ішінде 3 әйел адам, 2021 ж. мәслихат депутаттары -17, оның ішінде 5 әйел адам".
"2020 жылдың қорытындысы бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тарапынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі мен талабы жөнінде 2 201 отбасыға (немесе 7 695 адам) кеңес берілді. 1 199 отбасы немесе 5 437 адамға 502,8 млн.теңге АӘК төленді. АӘК алушылар саны барлығы 5 437, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар саны 3 540, жұмыс істеуші адамдар саны - 674, жұмыссыздар саны - 155, мүмкіндігі шектеулі адамдар саны - 87. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінде көпбалалы аналар саны - 437, жалғызбасты аналар - 263, толық емес отбасылар - 149.
2020жылы 80 мүгедек әйел жұмысқа орналастырылды, 12 мүгедек әйел 505 600 тг көлемінде қайтарымсыз грант алды. 76 анаға «Күміс алқа», 21 анаға «Алтын алқа» берілді.
Көп балалы және жалғызбасты аналарға қолайлы орта қалыптастыру және жан-жақты қолдау мақсатында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Мұнда психолог, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің мамандары 600 анаға тегін кеңес берді және және кейбір бағытта жеке кәсіптерін жүргізуге мүмкіндік берілді. Орталықтан бет әрлеуші, шаштараз, балаларға массаж жасайтын 4 анаға кәсібін жүргізуге орын берілді. Арнайы жұмыс киімдерін тігетін «Батыр ана» тігін шеберханасында 4 ана жұмыс істейді.Сонымен қатар, қыз жасауын тігетін және ұлттық нақыштағы киімдер тігетін 2 ана жұмыс істейді. Орталықтың кіреберісінде тіркеуші ретінде 1 ана жұмысқа алынды", деді ол.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысы бойынша «Атамекен» ҰҚП-нің Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова «Облыс бойынша «Атамекен» ҰҚП-нің Іскер әйелдері Кеңесінің өзін өзі жұмыспен қамтыған әйелдерді кәсіпкерлік қызметке тарту, микрокредиттің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы баяндамасымен таныстырды.