• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 26 Ақпан 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Бозжыраның бүгінгі бейнесі (ФОТО)...

Ауған соғысы құрбандарын еске алды...

Аққулар қанат қаққанда (ФОТО)

Бағзы дәуірден үн қатқан...

Биыл «Құрық-Жетібай» автожолының күрделі жөндеу жұмыстары басталады...

  • USD: 414.77 ₸
  • EUR: 506.81 ₸
  • RUB: 5.64 ₸

Оқушылар дәстүрлі сабаққа қосылды

20 қаңтар, 18:13  |  Жаңалықтар

Биылғы оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап облыстағы білім мекемелері дәстүрлі оқу үдерісіне көшуді бастады. Ата-аналардың өтініштері негізінде жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныпқа дейін кезекші сыныптар ашылды. Ал 9-11 сыныптар 70% дәстүрлі, 30% қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Облыс мектептерінде санитарлық шараларды сақтау режимі қабылданған. Санитайзерлермен, тепловизорлармен, бактероцидтік лампалармен, т.б. қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Барлық мектептердегі медициналық пункттер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Ал дәстүрлі сабаққа қайта оралған оқушылардың қуаныштарында шек жоқ. Ата-аналар да бұл күнді көптен күткендерін, балаларының ұстаздар алдында білім алғандарын құптайтындарын жеткізіп, өз пікірлерін айтты.

Жансая Назархан, Ақтау қалалық №21 жалпы білім беру орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысы:

Елдегі ахуалға байланысты 2019-2020 оқу жылының IV тоқсанын қашықтан оқып бастап, биылғы оқу жылының екі тоқсанын солай жалғастырдық. Күні кеше 3-тоқсан күндегіден ерекше басталды. Неге дейсіз ғой, біз, расымен, алтын ұя мектебімізді, асыл ұстаздарымызды, жақын достарымызды шын сағындық.

Иә, алдымен, адамзаттың амандығы алдыңғы орында тұрғандықтан және басты байлығымызды бағалай алғандықтан онлайн оқу керек болды. Оның өз алдына қиындықтары да болды. Дегенмен бір қайырлысы – мәжбүрліктен мүмкіндіктерге жол ашып, ақпарат легіне қосылып, технологияның жаңа қырларын меңгеріп алдық. Қашықтан оқу деп үлгерімім төмендеген жоқ, бәріне үлгердім. Ұстаздарым үлгілі оқушы қып мақтауымды асырды. Күрделі мәселеге қарамастан оқушылар білім алуға деген құштарлықтарын жоғалтып алмай, қашықтықтан оқу кезінде білім алуға ашық болды, тәрбиелік шараларда белсенділік танытты. Тіпті мектебімнің талантты, дарынды оқушылары білім додаларында, Абай оқуларында мектептің, қаланың, облыстың атын асқақтатып, көш басында жүрді. Бұл – абырой.

11 қаңтар – мен үшін мерекелі, берекелі күн болып жүрегімде жазылады. Себебі сағындырған мектебіміз, ұстаздарымыз құшағын жая қарсы алды. Сыныптастарымызбен кезекші топпен бөліне оқысақ та, партада отырып, ұстаздың жарқын бейнесін жүзбе-жүз көріп, сабағымыз көңілді нотада басталды. Зейініміз ашылсын, жас достар! Бастысы, ата-анама, ұстазжарыма, достарыма денсаулық, сәттілік тілеймін.

Арайлым Сатжанова, Ақтау қалалық №21 жалпы білім беру орта мектебінің 5 «В» сынып оқушысы:

Мен 2020 жылы бастауыш сыныпты бітіріп, 5-сыныпқа көштім. Бірақ 2020 жылы ел басына төнген қауіпті, болған жағдайды ешкім есінен шығара қоймас. Осыған орай барлық мектеп "онлайн" сабақтарға көшті. Маған "онлайн" сабақтар бірден оңай болды деп айта алмаймын. Бірінші тоқсан онлайн оқуға үйренісумен өтсе, екінші тоқсанда ғана барлығы мен үшін жеңілірек болды. Өйткені мен онлайн сабаққа керек нәрсені үйрендім, технологияның тілін меңгердім. Бәрін үйреніп, біліп алсам да қашықтан оқу көңіліме жақпады, себебі мен өз сыныптастарымды, мектебімді қатты сағындым. Менің арманым мектепке барып оқу еді. Жаңа жылмен, жаңа оқу тоқсанымен бұл арманым да орындалды. Қысқы демалыс біткеннен кейін мектепке барып оқитын мүмкіндік пайда болды. Ата-анам да мектепке баруыма қарсы болмады, керісінше менің қуанғанымды көріп олар мәз болды. Ата-анамның өтініші, өзімнің қалауымның негізінде мектепке барып оқимын. Мектеп табалдырығын аттап, партада отырып білім алғанға ештеңе жетпейді. Мен өте қуаныштымын.

Айғаным Құлынтай, Ақтау қалалық №21 жалпы білім беру орта мектебінің 4 «Ғ» сынып оқушысы:

Мен Ақтау қаласындағы №21 мектептің 4 "Ғ" сыныбында оқимын. Бүгін мен үшін ерекше күн, себебі мен мектепке барамын. Бір жылдай пандемияға байланысты карантин болып, біз сабақты қашықтан оқыған едік. Мен күнде мектепке барып, достарымды көріп, сабақты мектепте оқығым келген. Тілегім қабыл болды. Мектебімді, мейірімді апайларымды, достарымды көруді асыға күттім. Сағыныса көрістік. Бүгін мен өте қуаныштымын. Мектеп іші де оқушылармен, ұстаздармен толып, жанданғандай болды. Білім нәрімен сусындатып, тәрбие беріп отырған №21 мектеп мұғалімдеріне үлкен алғыс білдіремін.

Панакуловтар отбасы

2021 жыл жағымды жаңалықпен басталуда. 11 қаңтардан бастап балаларымыз 3-оқу тоқсанын мектепке барып оқуда. «Қуана білмегенге құт қонбайды, бағалай білмегенге бақ қонбайды», – дейді абыз Әбіш Кекілбаев. Біз өте қуаныштымыз. Ақтау қаласындағы №21 мектептің 3 «В» сыныбында оқитын ұлымыз Жақсылықов Нұрасылдың бұл хабарды естігендегі жүзін көріп, шыны керек, біз де балаша қуанып қалдық.

Балаларымыз бұрынғы қалыптасқан қалыппе мектепке барады, мектеп формасын киеді, ұстаздардан тікелей білім алады. Қуаныш емей не?!

Балаларымыз белсенді түрде сабаққа қатысып, ұстаздардан тікелей, жүзбе-жүз отырып толыққанды білім нәрін алатын болды. Осындай маңызды шешім қабылдап, оны жүзеге асырған білім саласы мамандары мен барлық ұстаздарға алғысымыз шексіз! Мың алғыс сізге, ұстаздар!

Гүлмира Ищанова, ата-ана:

Жаңа жыл, жаңа тоқсан – жақсы жаңалықпен жаршы.11 қаңтардан бастап мектебіміздің дәстүрлі оқытылу форматына көшуіне, мұғалімі мен сыныптастарын сағынып білім ордасына оралатынына 3-сыныпта оқитын қызым Мейрам Сымбат та, біз де өте қуаныштымыз. Дүниеде баланың қуанышынан қымбат, баланың бақытынан басым бақ бар ма?! Біз балаларымыздың алғырлықпен, ерекше ықыласпен жан-жақты білім алатынына сенімдіміз. №21 мектеп балаларға мейлінше бар жағдайды жасап қойды. Ал біз, ата-аналар, барынша санитарлық талаптарды орындайтынымызды ескереміз. Жаңа тоқсанда ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тілейміз.

Ләйла Қылышаева, ата-ана:

Ақтау қаласындағы №21 жалпы білім беру орта мектебінде 11-сыныпта, 9-сыныпта және 1-сыныпта оқитын 3 ұлым: Дамир де, Саят та, Дарын да 3-тоқсаннан бастап кезекші сынып бөлінісімен мектептен білім ала бастады. Мектеппен қауышып, ұстаздарымен жүздесіп, достарын көріп арқа-жарқа көңілденгені біздің көңілімізге қуаныш ұялатты. Мектеп табалдырығын аттаған баламыз үшін де, мектеп бітіруші сыныптар үшін де бұл жағдай аса қажет әрі маңызы зор. Осындай қысылтаяң кезеңде кез келген қиынтықтан жол тауып, жарыққа ұмтылу – жүректің ісі. Ұстаздардың еңбегіне, балаларымыздың таным көкжиегіне жеміс тілеймін.

Жайық НАҒЫМАШ

252
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Облыста тағы 17 адамнан коронавирус анықталды

Келесі жаңалық

Медиация арқылы қарыз өндірілді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Астана - 20Рухани жаңғыруРедакция туралыБайланыс мәліметтеріАуыл өміріАудан тынысыТағайындауҚарақияанонсӘдебиетЖастар бетіМәселе

    Автордың басқа да жазбалары

    Бейнеуде жүк көлігі өртенді

    Бүгін 11:45
    19

    Маңғыстау облысында жаңа мұнай кен орны ашылды

    Кеше 13:24
    169

    Түпқарағанда балықшылар ескерткіші бой көтереді

    Кеше 10:38
    244

    Наурыз: Ақтау қаласын безендіруге қанша қаржы жұмсалады

    24 ақпан, 17:20
    256

    Ақтауда қыс қаһарына мінді (ФОТО)

    24 ақпан, 10:07
    211

    Мұнайлыда құс фабрикасы жылына 150 тонна ет шығарады

    23 ақпан, 16:28
    265

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»