Түпқараған аудандық сотында талап қоюшы «Т» ЖШС-ның Е-ден қарыз соманы өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. Бұл туралы Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Талап қоюшы қарыз сомасын жауапкерден өндіруді сұраған. Сот талқылауы барысында тараптардан сотқа медиативтік келісім ұсынылды. Оған сәйкес, жауапкер ерікті түрде талапкерге 1 167 735,86 теңгені 20 қаңтар 2024 жылға дейін есепшотына аудару арқылы төлеуі тиіс, ал талапкер талап арыздан бас тартуға міндеттенген.
Сотпен сот медиативтік келісім бекітіліп, істің қарауы тоқтатылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.