«+362KZ» экспедициясының кезекті шығарылымы Ютуб желісіне шықты. Бұл жолы олар Маңғыстау өңірінің көрікті жері Ыбыққа барды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Экспедиция құрамы тек көрікті жердің тарихын баяндаумен ғана шектелмеді. Өңірдегі экологиялық ахуалды, тұрғындардың экологиялық мәдениетін сынға алды.
Сонымен қатар аталған экспедиция жаңа науқанның басталғанын айтты. Айтуынша, олар туристік орындарға ағаш егіп, жасыл аймаққа айналдырады.
Айта кетейік, «+362KZ» экспедициясының негізгі мақсаты – Маңғыстаудың көрікті, тарихи жерлерін аралап, қалың көпшілікке көрсету. Сол арқылы аймаққа турист тарту.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА