Маңғыстауда 23 қазаннан бастап спорт залдары мен фитнес орталықтары өз жұмысын қайта бастайды. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Ғазиз Надуев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жаңа қаулыға сәйкес спорт объектілері қауіпсіздік шараларды сақтап 1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес алаң ұйымдастырылуын және және жалпы сыйымдылығы 30 пайыздан артық болмауын қадағалауы керек.
Айта кетейік, 21 қазан күні облыстың бас санитар дәрігері Ғазиз Надуев жаңа қаулы шығарған болатын. Онда бірнеше кәсіпкерлік нысандардың санитарлық талаптарды сақтай отырып, өз жұмысын жалғастыруға рұқсат берілді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА