Бүгін Ақтау қаласындағы студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мониторингке Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Қ.Есетов, Ш.Гусейнов, «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Н.Мағдатов қатысты. Олар Маңғыстау облыстық политехникалық колледждің және «Гусейнов» жеке кәсіпкердің иелігіндегі жатақханаға барды.
Қалалық мәслихат депутаттарының айтуынша, жақында екі жатақханаға да жөндеу жұмыстары жүргізілген. Орын жеткілікті, студенттер үйі барлық құрал-жабдықтармен жасақталған.
Алдағы уақытта қаладағы қалған жатақханаларға мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасады.