4 қазан күні праймериз кандидаттарына дауыс беру аяқталды. Маңғыстау облысында онлайн дауыс берудің алдын ала қорытындысы бойынша көшбасшылар анықталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Облыста 18 228 партия мүшесі бар. Соның ішінде 14 526 партия мүшесі онлайн форматта өз таңдауын жасады. Бұл – жүйеде тіркелген барлық адамның 79%-ы. Ал интернетке кіру мүмкіндігі жоқ жерлерде тұратын немесе дауыс беруге қажетті құрылғылары жоқ партиялықтар арнайы сайлау учаскелерінде қағаз бюллетеньдер арқылы, учаскелерде арнайы ноутбуктармен дауыс беру мүмкіндігі берілді. Облыс бойынша арнайы 50 сайлау учаскесі ашылды.
Айта кетейік, дауыс берудің жалпы қорытындысы 6 қазан күні жарияланады. Онда 315 кандидаттың ішінен үздіктер анықталады.
Ақтау қаласы бойынша
Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы – «Азия Техно Сервис» ЖШС-нің директорының орынбасары (722 дауыс, 26 %)
Әбдісадық Ғани – Жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (526 дауыс 19 %)
Джариев Нұрлан Нуратдинович – ШЖҚ МКК Облыстық онкологиялық диспансер директоры (441 дауыс 16 %)
Ахметов Берік Бахытжанович – Президент м.а., КЕ АҚ «Есенов университеті» (395 дауыс 14 %)
Сүгірбай Аят Исатайұлы – «Ұлттық Рух» ҚБ төрағасы (376 дауыс 14 %)
Урисбаев Аббат Жангирханович – Ақтау қаласы бойынша «ForteBank» АҚ филиалының директоры (373 дауыс 13 %)
Себасов Марат Бакбергенович – департамент директорының орынбасары, «Қаражанбасмұнай» АҚ (356 дауыс 13 %)
Ешманов Киікбай Жақыпұлы – департамент директоры, «ҚазМНИМұнайгаз» инжиниринг «КМГ» ЖШС (314 дауыс 11 %)
Боранбаев Бердіқожа Ондасынович – директор, «Оңдасын Строй» (303 дауыс 11 %)
Есетов Қуаныш Калпенович – департамент директоры, Казмортрансфлот» (303 дауыс 11 %)
Жаңаөзен қаласы бойынша
Мұханбетқалиқызы Жұлдыз – сапа жөніндегі инженер, №2 Мұнай газ өндіру басқармасы (955 дауыс 19 %)
Саймағанбетов Жанболат Амангельдиевич – директор, Су өндіру және тасымалдау басқармасы ( 929 дауыс 19 %)
Унабаев Джанабай Джангирович – Жаңаөзен қалалық көпбейінді аурухананың директоры (857 дауыс 17 %)
Ақджигитов Шарип Джалгаспаевич – оператор, «ӨзенМұнайГаз» АҚ №3 МГӨБ (826 дауыс 16 %)
Нугаева Зина Орысбаевна – Жаңаөзен мектеп-гимназияның директоры (742 дауыс 15 %)
Болатбаева Тлектес Аманкосовна – басшы, Жаңаөзен политехникалық колледжі ЖШС (721 дауыс 14 %)
Союнов Нұрбек Джомартович – директор, «Өзенмұнайгаз» АҚ №3 СҚКБ (677 дауыс 14 %)
Кульбеков Мереке Зинуллаевич - №2 МГӨБ директоры (669 дауыс 13%)
Алеуединов Тарас Айтореевич – қызметкер ӨМГ аппараты (621 дауыс 12 %)
Бегжанов Болат Хаджибаевич – директор, «Өзенмұнайгаз» АҚ транспорт департаменті (611дауыс 12 %)
Бейнеу ауданы бойынша
Жубанов Сагатбек Орынгалиевич – директор, «Сам орта мектебі» КММ (552 дауыс 35 %)
Бурин Нұрбол Сабидуллаевич – директор, Бейнеу политехникалық колледжі (538 дауыс 34 %)
Давлетбаева Камшат Нуруллаевна – директор, Бейнеу аудандық білім беруді үйлестіру орталығы (495 дауыс 31 %)
Бисенғалиева Ұлмекен Кабиевна – директор, Боранқұл орта мектебі КММ (415 дауы 26 %)
Ауданбаев Нұрлыбай Муратович – басшы, «Бейнеу ауданының әкімдігінің «Бейнеу аудандық балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» КММ (407 дауыс 26 %)
Қарақия ауданы бойынша
Жолдыбаев Асылбек Турарович – Бас директор, «Ақ жол» құрылыс ЖШС (432 дауыс 40 %)
Аманиязова Мейрамкүл Базарбаевна – Қарақия жастар ресурстық орталығының директоры (408 дауыс 38 %)
Мұқанова Гүлшат Сагинбаевна – №3 орта мектеп директоры (327 дауыс 31 %)
Дүсүпов Бақтыкерей Алтыбаевич – басшының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, «Жетібаймұнайгаз» (304 дауыс 28 %)
Итыбаева Айгүл Кисикбаевна – «Маңғыстау тазалық» ЖШС директоры (251 дауыс 23 %)
Маңғыстау ауданы бойынша
Сәрсенбай Нұрпейіс Мизанбайұлы – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ директоры (616 дауыс 42 %)
Жұмалиев Абат Жаулыұлы – «АБАТ» ЖШС директоры
Ешманов Жолдасбек Жумабекович – ОБ және КРС инженері, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» ҚБ (336 дауыс 23 %)
Күмісбаев Байқадам Алдонгарович – «КУСИМБАЕВ Б.А.» ЖК директоры (307 дауыс 21 %)
Төрекенов Бердімұрат Билимович – Жөндеу шебері, «Арғымақтранссервис» ЖШС (296 дауыс 20 %)
Мұнайлы ауданы бойынша
Казахбаев Оспан Даденович - «UPP» ЖШС бас директоры (756 дауыс 59 %)
Казахбаев Бекбол Бердимуратович – «Маңғыстау жылу» МКК директоры (385 дауыс 30 %)
Салманов Ахмет Утегенович – бас директордың әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары, "Oil Construction Company" OCC (385 дауыс 30 %)
Битан Сәдуақас Дүзелбайұлы - «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС өндірістік базасының бастығы (384 дауыс 30 %)
Нұрманова Құралай Шаравбаевна - №10 мектеп директоры (377 дауыс 29 %)
Түпқараған ауданы бойынша
Мұсабаев Самат Базарбаевич – «Корпорация Каспий Строй-Сервис» директоры (684 дауыс 67 %)
Мағдатов Наурызбек Серікұлы – «Жас Отан» жастар комитеті төрағасы (549 дауыс 54 %)
Шаудірбаев Ғабит Нургалиевич – аға дәрігер, Таушық ауылының дәрігерлік амбулаториясы (491 дауыс 48 %)
Жеткізгенов Еркебұлан Куанышкалиевич – бөлім басшысы, Түпқараған аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі (407 дауыс 40 %)
Бөлеева Айгүл – кітапханашы, Қызылөзен кітапханасы (386 дауыс 38 %)