Қазақстандық әскери құрамасы армия халықаралық ойындарының «Танк биатлоны» кезеңіне дайындықты танкілердің қаруын тексеруден бастады. Алдымен тәжірибелік оқ-атулар арқылы зеңбіректер мен пулеметтердің жарамдылығы, олардан нысанаға тиімді соққы беру мүмкіндігі тексерілді. Экипаждар атыс кезінде шебер және үйлесімді әрекеттерін көрсетті.
Сонымен қатар жарыс ережелеріне сәйкес, қазақстандық әскерилер сайыс барысында техникамен өтетін трасса бағдарын зерттеді. Оқ ату шекарасынан сәтті өту қорытынды орынды анықталатындықтан оларға ерекше назар аударады.
«Танкішілер аз уақыт ішінде берілген техниканың техникалық қызмет көрсетуін сапалы орындады. Ал ату кезінде олар еліміздегі соңғы ату көрсеткіштерінен еш кем түспейтін нәтижелер көрсетті. Бұл команданың жеке жарысқа қатысуға деген ұмтылысы мен жоғары тұрғыдағы дайындығын білдіреді», - деп түсіндірді команданы жаттықтырушы полковник Анатолий Котвицкий.
Айта кетейік, армия халықаралық ойындарының ашылу салтанаты 23 тамызда өтеді және YouTube бейнехостингтегі ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми каналындағы тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Рәсім астана уақытымен сағат 16.00-де басталады.