Форт-Шевченко қаласының кіреберісінде орналасқан арка жөндеуден өтті. Арка жанына «Түпқараған ауданы картасының» макетін орнату жұмыстары 60 пайызға аяқталды. Бұл туралы қала әкімі Өсер Тлепов мәлімдеді, – деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, кәсіпкерлер демеушілік танытып, қаланы көркейту жұмыстарын қолға алған.
«Ақ жол құрылыс» ЖШС қаланы абаттандыру жұмыстарына демеушілік танытты. Қала кірер бойдағы аркаға жөндеу жүргіздік және жанына аудан қартасының макетін орналастырдық. Бұл инвестициялық жобаның құны - 15 миллион теңге», - деді қала әкімі Өсер Тлепов.
Сондай-ақ Форт-Шевченко-Баутино-Аташ елді мекендерінің қиылысындағы айналма жолға арнайы «Сақина» жобасының құрылысы басталды.
«Халқымыз әрдайым қазақи нақыштағы әшекей-бұйымдарымен танымал болып келді. Көненің көзі болып табылатын, өткеннен сыр шертетін ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы үлкен тәрбие-тағылым бере аламыз. «Сақина» жобасының құны - 5 миллион теңге», - деді қала әкімі Ө.Тлепов.
Қаланы көркейту жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Айналма жолды абаттандыру жұмыстары 80 пайызға аяқталған. Абаттандыру жұмыстары биыл қазан айында аяқталады деп жоспарланып отыр.