Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен онлайн-брифингте Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жеңіс Дадаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Бүгінге дейін 1 719 автокөліктің иесіне сары нөмір берілді. Облыс тұрғындарына тіркелген 3 950 автокөлік өңірге әкелінген. Оның ішінде 12 және одан да аз VIN-код белгісі бар 915 автокөлік тіркеуге жатпайды», - деді ол.
Қазақстан азаматтарының Армения Республикасында тіркелген және Қазақстанға 1 ақпанға дейін әкелінген жекелеген көлік құралдарын елге әкелуінің және пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуге жатады.
Көлік құралын тіркеу кезінде кедендік төлемдерді, механикалық көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алымды және кәдеге жарату алымын төлеуді жүргізудің қажеті жоқ. Алайда, меншік иесі көлікті бастапқы тіркеу не оны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету туралы шешім қабылдаған жағдайда, көлік құралының иесінде жоғарыда көрсетілген төлемдерді төлеу бойынша міндеттеме туындайды.
Тіркеу сәтінен бастап көлік құралы көлік құралдарына салық салу объектісі болып табылады, салық заңнамасына сәйкес көлік салығын төлеушілер меншік құқығында салық салу объектілеріне ие жеке тұлғалар болып табылады, бұл ретте салық салу объектілеріне ҚР-да тіркелген және (немесе) есепте тұрған автокөлік құралдары жатады.
Маңғыстау облысында полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстанға әкелу және Қазақстан азаматтарының пайдалануы, сондай-ақ осындай көлік құралдарын тіркеу тәртібі туралы ақпарат жазылған жадынамалар таратты.
Полицейлер көліктерді 1 қыркүйекке дейін тіркеу қажет екенін айтты. Тіркеуге басқару органдары сол жақты орналасқан автомобильдер ғана жатады.Үш төлеммен шектелуге шешім қабылданды: тіркеу үшін алым – 695 теңге, техпаспорт үшін баж – 3 473 теңге және мемлекеттік нөмір үшін баж – 7 778 теңге. Төлемнің жалпы сомасы – 11 946 теңге.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, жексенбі күні сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін жұмыс істеуде.
Сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мадина Жақанқызының айтуынша жеке тұлғалардың салық берешегі бар жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz арнайы сайты арқылы анықтауға болады.
«Комитеттің интернет-ресурсында салық берешегі туралы ақпарат алу үшін www.kgd.gov.kz және Электрондық үкімет порталы арқылы азаматтың қарызы бар жоғын көрсететін анықтаманы азаматтың ЖСН нөмірін көрсету арқылы онлайн-режимде анықтама алуға болады», - деді Мадина Жақанқызы.