Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов Жаңаөзен қаласының бірқатар инвестициялық жобаларының жүзеге асыру барысымен танысты.
Инвестиция мәселесінің өңірдегі кураторы алдымен "Орда" өндірістік компаниясының қант шикізатын қайта өңдеу зауытының құрылыс нысанына барды. Шағын зауыт қант құмы мен нават өнімін шығаруды жоспарлап отыр. Жобаға жұмсалатын инвестиция көлемі 86,6 млн теңгені құрайды. Бүгінгі күні шағын зауыттың құрылыс жұмыстары аяқталды, құрал-жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары қалды. Тамыз айында іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Тәжікстан мемлекетінен мамандар келуі жоспарланған. Қазіргі таңдағы жобаның дайындығы - 95%. Инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде 35 жұмыс орны құрылады. Зауытты іске қосу 2020 жылдың аяғына күтілуде.
Содан соң Ғалымжан Ниязов «Оралмұнайпром» ЖШС инвестициялық жобасының жүру барысымен танысты. Жобаның мақсаты: шағын газ поршеньді электр станциялары базасында" Қазақ газ өңдеу зауыты " ЖШС үшін электр энергиясын өндіру. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды, жабдықты іске қосу-баптау жұмыстары қалды, қазіргі уақытта жобаның өтініш берушісі зауыттың негізгі желілеріне қосыла отырып, ҚазГӨЗ аумағында электр желілерін тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар қорытынды жұмыстар үшін керекті жабдықтар (кабельдер мен генераторлардың қосалқы бөлшектері) Германия, Россия елдеріне тапсырыс берілген.
Сонымен қатар, тамыз айының соңында Германия мамандармен бейне конференция байланысы арқылы жабдықты іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізіледі. Қазіргі таңда жоба 90% дайын. Электр энергиясын өңдеу зауытының құрылысы жұмыстары басталғаннан бері өңір экономикасына 5,4 млрд теңге қаражат салынды. Зауыт ашылған соң 50 жұмыс орны құрылады.