Маңғыстау облысы COVID-19-бен күрестің тиімділігі жөнінен алдыңғы орында тұр. Бұл туралы өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығының мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Күн сайын өңірлердегі жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін анықтау үшін 17 индикатор бойынша мониторинг жүргізіледі. Мониторинг нәтижесі бойынша Маңғыстау облысы 18 көрсеткіштің 16-сына қол жеткізген.
Бұл индикаторлардың арасында тек қана COVID-19 сырқаты бойынша ғана емес, сонымен қатар тестілеумен қамтылған халықтың саны, COVID-19 сырқатын анықтауға арналған тестілеудің тиімділігі, реанимациялық бөлімшелердегі орындардың толықтығы, ауруханалардағы орындар қорының жай-күйі және т.б. мәліметтер де қамтылған.
Бұдан өзге халықтан түскен арыз-шағымдардың уақытылы қаралуы, коронавирус инфекциясымен күрес бойынша шараларды халықтың жағымсыз жағынан қабылдауының деңгейі жөніндегі пункттер де бар. Осы барлық индикаторлар бойынша Маңғыстау облысы «жасыл» деңгейге қол жеткізіп отыр.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Маңғыстау облысында екі инфекциялық аурухана бар. Бұл медициналық мекемелер талапқа сай құрылған. Сонымен қатар мұнайлы өлкеге 200 керуеттен тұратын тағы бір аурухана қажет.