Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 70 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талабына сәйкес, Ақтау гарнизонының Әскери полиция бөлімінде тіркелген гарнизонындағы әскери бөлімдері мен мекемелеріндегі көлік құралдарын қарап тексеру жоғарыда аталған бұйрық талабына сәйкес, 2020 жылдың 25 мамырынан бастап бекітілген кестеге сәйкес өткізіліп жатыр.
Осы мақсатта, Ақтау гарнизоны Әскери полиция бөлімі әскери автомобиль полиция бөлімшесінің жеке құрамымен және бөлімінің (жемқорлық пен құқық бұзушылығымен күресін ұйымдастыру жөніндегі) аға офицерімен бірлесіп төмендегі іс-шаралар атқарылуда:
1) Ақтау гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің жол жүрісіне қатысатын әскери көлік құралдары техникалық жай-күйі қағидаларының 20-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуін бағалау.
2) Көлік құралдары техникалық жай-күйі қағидаларының 20-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі салдарынан туындаған жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру.
3) Көлік құралдарын пайдалану қауыпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарын пайдаланудың қоршаған ортаға зиянды ықпал етуін төмендету.
4) Көлік құралдарының техникалық жай-күйі бойынша статистикалық талдау жасау.
5) Қарап-текеруді өткізудің негізгі кезеңі – көлік құралының техникалық жай-күйін диагностикалау көлік құралының жиынтықтығын, пайдалану қауіпсіздігінің жекелеген қасиеттерін сипаттайтын параметрлердің шекті мәндерін, көлік құралы конструкциясын өзгертудің жол берілетін шектерін шектеуді тексеруді қамтиды.
Гарнизонның әскери техникалаларын тексеру, белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіп, әскери техникамен тығыз байланысты әскери қызметшілерімен жол жүру ережелері мен техникалық қауіпсіздікті қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыптарында тереңдетілген түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
М.Курмангалиев,
АГ ӘПБ аға офицері (ӘТжАНЖ) майор